21:50
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҚАРСЫ АЛАТЫН КҮЛІМДЕП, ТОЙЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТАРДА ТҮРІ КӨП

Үйлену тойы

Тойлардың ішінде ең көп тарағаны – үйлену, яғни келін түсіру тойы. Біздің бұл жердегі тоқталмағымыз – той бастар рәсімінің шүлен таратқандай, қатысып отырғандарға жаппай берілуінің қазақи рәсімге қайшылығы туралы. Той бастар деген үй құрып отырған жас отау – жастарға арнап, бақ тілеп, әнмен әрлей айтқан шынайы ақ тілекке берілуі керек. Той бастарда айтылған арнайы – арнау ән-өлең, жастардың ойында сақталып қалар еді. Той бастарға берілетін ізеттерді, тойға арналып айтылған той бастардың маңызы мен мән-мағынасына қарай, шын жүрегінен жарыла кәдімгідей еңбектенгендер алып жатса әділетті болары сөзсіз.

* * *

Енді тоқталарымыз: отбасын құрып, жұптасып өмір кешіп жүргендер өткізетін тойлар. Олар.

Шыт той – отбасын құрғаннан соң бір жыл өткенде жасалатын шағын ғана өту жиыны.

Ағаш той – отбасының бес жылдық тойы.

Раушан той – отбасы құруының он жылдығы құрметіне атап өтілетін шағын бас қосу тойы.

Әйнек той – үйленгендеріне он бес жыл толғанда жұбайлар атап өтетін шағын той.

Фарфор той – отбасы құруының жиырма жылдығын атап өтетін шағын той.

Күміс той – отасқандарына жиырма бес жыл толғанда атап өтілетін жұбайлардың тойы.

Інжу той – үйленгендеріне отыз жыл толып, бала-шағаларының, немерелерінің алдында құрметпен атап өтілетін қомақты мереке тойы.

Кенеп той – отбасының ұрпақтарымен қуанышты бас қосатын, отасқандарына отыз бес жыл толғандағы атап өтер тойы.

Лағыл той – отбасы құралғанына қырық жыл толуына байланысты немере-шөберелі отбасының мерекесі.

Алтын той – жұбайлардың отасқандарына елу жыл толу құрметіне өтетін, көпшілік болып тойлайтын торқалы той.

Гауһар той – қартайса да, отасқандарына алпыс жыл толғанда немере-шөбере қолға алып, құрметтеп тойлайтын той.

Темір той – қариялардың алпыс бес жылдық жұбайлық өміріне лайық той.

Тас той – бұл кісілердің алпыс жеті жарым жыл отасуларына байланысты аталып өтетін мереке.

Игілікті той – қарттардың отасқан жұбайлық өмірлерінің жетпіс жылдығында немере, шөберелерімен сиректеу болса да тойланатын той.

Тәждік той – қарттардың жұптасқан өмірлерінің жетпіс бес жылдығына арналып тойланатын соңғы той.

Бұлардан бөлек, жылдағы туған күнді тойлау. Бұл әр үйде қалыпты дәстүрге айналып кеткеніне бәріміз де куә болып жүрміз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 82 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: