08:08
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАБИҒАТ БЕРГЕН ДӘРУМЕН КЕМ БОЛМАС ЕШБІР ДӘРІДЕН

Түйежапырақ (лопух) – буын ауруына ем. Еттартқыштан өткізіп, жасыл қойыртпақты сығып, суын ауырған жерге ауа өткізбейтіндей етіп таңып қойса буынды қыздырып, емдейді.

Жоңышқаның қайнатпасы, тұнбасы, сиробы, ұнтағы да ем. Онда белок пен көміртегі, С, Д, Е, К және В тобының дәрумендері жетерлік. Құрамында қышқылдар, эфир майы сияқты қажетті заттар көп.

Жоңышқаның зәр айдауды жақсартатын, қанның құрамындағы қантты азайтатын, ағзадағы улы заттарды айдайтын қасиеттері бар. Тіпті зат алмасуды жақсартып, гемоглобинді көтеріп, иммунитетті қалпына келтіріп, эндокрин жүйесі жұмысын реттейтін қасиетке де ие. Қан тамырлары мен жүрек жұмысының жақсаруына ықпалы зор. Суықтағанда, қызу көтерілгенде қолдануға да болады.

Шүйгіншөп (валериана) жүрек ауруларын тыныштандырады.

Інжугүл (ландыш) жүрекке жақсы.

Жалбыз өттегі тасты ерітуге, тамырды кеңейтуге қолданылады.

Ботакөз (незабудка) – қан тоқтатады. Тері ауруларына ем.

Бақбақ – холестринді азайтады. Ас қорытуға жақсы.

Түймешетен (пижма) ішек құрттарын жоюға көмегі бар.

Жолжелкен қан тоқтатады, қабынуға ем.

Жусан ас қорытуды жақсартады, жараны жазуға себі бар.

Шашыратқы (цикорий) экзема, сыздауық, т.б. тері ауруына ем.

Қаражидек (черника) қуаттандырғыш қасиетке ие.

Арша – ағаш-фармацевт атауымен кең тараған ағаш. Одан бөлінетін фитонцидтер бактерияларды өлтіріп, денсаулыққа шипалы ауа береді. Бір арша бір жылда 1 тоннадан артық шаңды жұтып, 1,5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен. Арша өте ұзақ жасайтын өсімдік.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 86 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: