12:41
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАБИҒАТ БЕРГЕН ДӘРУМЕН КЕМ БОЛМАС ЕШБІР ДӘРІДЕН

Күріш – емдік азық. Қайнатылған күріш буындағы тұздарды шығарады. Көп жібіген сайын пайдасы артады.

Ендігі денсаулыққа әсері болар тамақтануға байланысты мына бір әрекеттердің ойда жүргені артық болмас. Мысалы, ашқұрсақ болмауды көздеп, жұмыртқа пісіріп жей салу адамды қажытып, мидың тез шаршауына соқтыратыны ойда болса екен. Ал майлы ет, қаймақ, шошқа майы ұмытшақтық ауруды қоздырады. Одан да апельсин шырынын, қызанақ, соя майын, қызыл фасоль қосылған тағамдарды жесе, адамның есте сақтау қабілеті жақсарып, қан айналымы реттеліп, ми жұмысы жақсарады екен. Ал өте тұзды тағам миға қан құю қаупін күшейтсе, қант инфарктке соқтыратын көрінеді.

Халық арасында «Алма же де су ішкін, ауырмасаң маған кел. Жиде же де су ішкін, семірмесең маған кел» деген мақалдың тарағаны бекер емес. ол да ойда болғаны дұрс.

Ендігі тоқталарымыз, «Ақыл көптен шығады, дәрі-дәрмек шөптен шығады» деген мақалды жандандыру. Мысалы:

Кәдімгі қалақай (крапива) денсаулыққа пайдалы шөптің бірі. Себебі оның құрамында калий, кальций, темір, мыс, қорғасын, фосфор, хлор, йод, оттегі, азот, сутегі, марганец, магний сияқты элементтер көп болғандықтан ағзаны шлактан тазарту, қанды тазарту, зәр айдаудағы басқа да тиімділігін айтпағанда, қайнатып, ыстық суға бұқтырып, тұнбасымен басты жуса, шаш қатайып, қайызғақ кетіреді, теріні жұмсартып, шашты жарқыратады.

Киік оты – көкемаралды (матрушка) шай орнына қайнатып ішеді. Оың құрамында жүрек жұмысына қажетті селен өте көп. Зат алмасуға тікелей әсер ететін, жүйкенің қозуын тежейтін, ас қорыту, қолқа бездерін реттеуге қатысатын, ішектердің қалыпты жұмысына жәрдемдесетін эфир майы, аскорбин қышқылы жетерлік. Киік отын ұйқысыздықта, жүйке шаршағанда, асқазан қышқылы төмендегенде дәрі ретінде пайдалана беруге болады. Ауыған буындарға компресс жасауға да жарайды.

Адыраспан (гармала обыкновенная) халық медицинасында емге қолданылады. Тіл көзден сақтап, үй ішіндегі микробтарды түтінімен аластайды. Оның гүлі, шөбі, жапырағы, тамыры, дәні де ем. Сарбас қотырды емдейді. Буын ауырғанда жас сабағын алып, жаншып тартып тастайды. Аяқ-қол қақсағанда қайнатып, сол сумен ауырған жерді үш мәрте булайды. Тұмау тигенде адыраспанға тұз қосып аластайды. Тұтатып, үйді иісімен аластап тазалайды.

Иттікеннің құрамында эфир майы, қыша алколоиды, каротин, аскорбин қышқылы бар. Қабынуға қарсы ем. Тері ауруларына қолданады. Шаш өсіруде де көмегі бар.

Күз келісімен бүршік салатын өгейшөптің (мать и мачеха) дәрілік қасиеті жоғары. Оны күз соңында және көктемде жер бусанған кезде тамыр сабағымен қоса қазып алады. Көлеңкеде кептіреді. Жуғанда мыжып алмай, бал қосып кәдеге жаратады. Қан түкіргенде, демікпеде, жөтелге, өкпе туберкулезында дәрілік өсімдіктерді қосып пайдаланады.

Қырыққұлақ, қазтабан (папоротник) – халықтық медицинада іш өту мен іштің ауруын басуда қолданылады. Несеп айдауда да пайдаланады. Оның қайнатпасын тыныс алу жолдары бітелгенде, сіңір тартылғанда, қалшылдап ауырғанда ішуге болады. Бауырға зиян тигізбей, асқазан жарасын жазуға көмектеседі.

Балдыркөк (сельдерей) бүйректегі улы заттарды шығарады.

Қымыздықтың (шавель) жапырақтары, гүлі мен тамыры дәрі ретінде қолданылады. Кермек дәмді, суық райлы, уытсыз қымыздық ұйыған қанның жүруін күшейтеді. Дене қызуын басып, ісікті қайтарады. Аққан қанды тияды, іш өтуін тоқтатады.

Долананың 39 түрі бар. Оны жүрек-қан тамырлары, бас айналу, ұйқысыздық, асқазан қышқылын реттеу, буын ауруларына, тұз жиналуға қарсы емдікке қолданады.     

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 97 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: