15:21
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАБИҒАТ БЕРГЕН ДӘРУМЕН КЕМ БОЛМАС ЕШБІР ДӘРІДЕН

Аскөк (укроп) – тыныштандыру, өт айдағыш, тыныс жолдарын тазарту қасиетіне ие. Барлық ағзаны тазалайды әрі асқорыту жұмысын реттейді. Стенокардия, гипертония, невроз секілді ауру түрлеріне де ем. Бауырға да пайдалы.

Аскөк жапырақтарын кәдімгі шай ретінде, шай орнына күні бойы ішсе, анемияға, жүрек астмасына емі болады.

Ақжелек (петрушка, ақжелкен деп те атайды) А, С, В, РР, Е дәрумендеріне, эфирлік майлар мен фолий қышқылына бай. Фосфор, темір, магний, калий бар. Ол жамбас аумағындағы қан айналымын жақсартып, қабынуда жәрдемдесіп, қан тамырларының қызметін, зат алмасуын реттейді. Денедегі ісікті қайтарады, ішектерді тазалайды, семіздікпен күреседі. Кариеске қарсы жақсы ем. Жаңа сөлін ішу арқылы көру мүшесінің қызметін жақсартуға болады. Бұл шөпті ескірмеген, балғын кезінде пайдаланады. Пісіргенде бар қасиетін жоғалтатыны ойда болу керек. Мұздатқышта сақтауға болады.

Ақжелкек (хрен обыкновенный) құрамындағы биологиялық белсенді заттар ауыз қуысындағы бактерияларды өлтіре алады. Бұл үшін жарты шай қасық ұнтағын бір стакан суға салып шаю жеткілікті.

Желкөк (хрен) осы ақжелкек – тыныс алу жолдарының ауруы бронхит сондай-ақ цистит, түрлі қуық жолы ауруларын болдырмайды. Жөтелді басып, ауыз қуысының зиянын жояды.

Кәді (кабачок) несіп айдағыш, терінің түсін жақсартып, ағзаны улы заттардан тазалайды. Артық салмақпен де күреседі. Оның құрамында С және К дәрумендері бар.

Үрме бұршақ (фасоль) ағзаны улы заттардан тазартатын щетка қызметін атқарып, асқорытуды жақсартып, адамды қуаттандырады, күш береді. Оның құрамында марганец, магний, калий мен мыс кездесетіндіктен қан айналымын жақсартып, иммунитетті көтереді.

Қарақат (смородина) – жұқпалы вирустарды жоюда шайымен қосып ішсе көмегі бар. Ондағы С дәрумені суық пен қабынуға қарсы қабілетті арттырады. Микробтарды жа жоя алады.

Бүлдірген (земляника) – ыстық түсіріп, суықтауды қайтарады, тыныс жолы жұқпаларын өлтіріп, жүйкені жайландырады.

Асбұршақ (горох) – ем орнына жүреді. Оны суға пісіріп, кептіріп, талқандап, ұнтағын сары майға араластырып жесе, суық тиген кезде, тұмауратып, жөтел қысқанда, қарықтан тазалауға пайдасы зор.

Лавр жапырағы – ағзадағы тұздарды шығарады.

Зәйтүн (оливка) – асқазан жарасының алдын алады, ішекті дерттен сақтап, ларингитті болдырмайды. Жемісін күйік шалғанда пайдаланса, жәрдемі мол екен. Ал майын тұрақты пайдаланса, ас қорыту жүйесі жұмысы қалыпқа түсіп, холестерин төмендейді, жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алып, диабетті болдырмайды. Зәйтүн майы бауырды, қан тамырларын, асқазан-ішекті, бүйректі, буындарды да жылдар бойы жиналған қақтан тазартады екен.

Шырғанақтың (облепиха) жемісі, бұтағы, тамыры, тіпті жапырағы да тұнба жасап жағуға, ішуге болады. Бұлар суықтағанға қарсы, қабынғанды басуға және ағзаны нығайтып, жақсартуға, қан тамырларының беріктігін қамтамасыз етіп, жүйкені жайландырар, дәруменмен қамтамасыз ететін қасиетке ие. Сондай-ақ адамның есте сақтау қабілетін қалпына келтіріп, қартаюды тежеуге де ықпал ете алады. Бұлардан басқа да пайдалы қасиеттері жетерлік екен. Шырғанақ майының құрамында ағзаға пайдалы 206 түрлі зат бар. Оның ішінде көп мөлшерде Е, С, А, В дәрумендері және флавон бар. Бұлар шаршағанды басып, сергектікті арттырып, бұлшық еттің белсенділігін реттейді. Асқазаннның кілегей қабығын қорғап, қандағы холестеринді төмендетеді, жараның, күйіктің жазылуын жеделдетеді.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 110 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: