20:03
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАБИҒАТ БЕРГЕН ДӘРУМЕН КЕМ БОЛМАС ЕШБІР ДӘРІДЕН

Қиярда ағзамызға қажет В1, В, В3, В5, В6, С дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий мен мырыш бар. Онда 95-97 пайыз минералды су да бар. Құрамындағы эфир майлары мен минералдар жүрек жұмысын жақсартады. Қан қысымын қалыпта ұстауға жәрдемдессе, йод ағзаға тез сіңіп, қалқанша безінің жұмысына жәрдемдеседі. Асқазан жұмысын жеңілдетеді. Қиярдың қоректігі қышқыл қабығында болады. Сондықтан қабығымен жеген қияр денедегі уытты сыртқа шығарып, бактерияны жойып, ісікті қайтару рөлін атқарады. Денеге дәруменнің жеткілікті сіңірілуіне пайдасы мол.

Баялды (баклажан) – жүрек-қан тамырлары науқасының ең үйлесімді тағамы. Қабығының да қоректік қуаты өте жоғары. Дәрумен біткен төмендеп қалмау үшін оның қабығын аршымай пайдаланған өн.

Қырыққабат пен қызылша ағзадағы зиянды, улы заттармен күресіп, әлсіреуден, түрлі дерттерден сақтайды. Қырыққабаттың жапырағында қант, гемицеллюлоза,        С, Р, В1, В2, В6, К, Д дәрумендері, каротин, ферменттер, минералды тұздар, көмірсу, белок бар.

Қырыққабат қатерлі ісіктің алдын алып, тәбетті ашады. Ашығаны тәбет ашып, асқазан сөлін бөледі. Ол семіруге, шыжындыққа қарсы ем. Ұлтабар жарасын, өт қабы, бауыр ауруларын емдеп жазады.

Қызылшаның құрамында ақуыздың дұрыс сіңуіне көмектесетін бетаин бар. Ал бетаин қанды сүзетін бауырдың жұмысын жақсартатын жасушаларды сақтайтын холина деген заттың түзілуіне атсалысады. Бауырды жандандырады. Яғни, қанды да тазалайды. Қызылша іш қатуға жақсы ем. Ішек қызметін белсендіріп, ағзадағы улы заттар мен токсиндерден тазартады. Оның шырынын алма не сәбіз шырынымен араластырып ішкен дұрыс.

Сәбіздің құрамында су – 88,8, азотты заттар – 1,1, май – 0,2, углевод – 9,2 пайыз болады. В1, И2, РР, А дәрумендері, натрий, калий, фосфор, темір бар. Сәбіздің, оның шырынының адам бауырын тазалап, жақсы жұмыс жасауына көмегі зор.

Картоп денсаулыққа көмірсулар, ақуыз, В1, В2, РР дәрумендері, фосфор, темір, кальций бар.

Шалғам – С дәруменіне бай. Иммунитетті қалыпты ұстауға көмегі зор. Ағзаға май жинаудың алдын алып, зат алмасу процесін жақсартады. Жөтелге көмектесіп, қант мөлшерін қалыпқа келтіреді.

Асқабақта ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және А, В1, В2, РР, С дәрумендері, зат алмасу процесін жеделдететін Т мен қан ұюына вқпал ететін К дәрумендері, калий бар. Ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніске жатады. Ол асқазан-ішек жұмысын реттеуге қатысып, өт сұйықтығын бөлуге ықпал етеді. Ағзадағы су мен тұзды реттеп, аурумен күресу қабілетін көтереді, жүрек қызметін жақсартады. Қуат береді. Күйікке таңады. Көзі нашар көретіндерге, қаназдыққа, семіздікке, несеп-жыныс жүйесі ауруларына, бүйрекке пайдалы. Көк асқабақтың қабығы ісікті қайтаруға ем. Ал тұқымы ішекқұртын шығаратын нағыз дәрі. Одан адам ағзасы фосфор, марганец, магний, темір, цинк, селенді толығымен ала алады. Мұнда белоктың 24,5-28, майдың 20-45 пайызы жинақталғандықтан аспен бірге жеу пайдалы. Өйткені онда В1, В2, С дәрумендерімен қатар кальций, хром, кремний, кобальт, мыс, каротин, фолий қышқылы да табылады.

Қарбызда 12 пайызға дейін қант, ал ұрығында 25-30 пайыздай май болады. Тіпті құрамында ағзаның тепе-теңдігін сақтап, қан түзілу жұмыстарын жақсартатын фолий қышқылы, қант диабетіне ем болар фруктоза, азот минералды тұзы, В1, В2, С және РР дәрумендері, каротин бар. Қарбыздың зәр және өт жолдарын тазартатын, холестерин бөлінуіне көп әсерін тигізер қасиеттері де бар.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 119 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: