18:46
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАБИҒАТ БЕРГЕН ДӘРУМЕН КЕМ БОЛМАС ЕШБІР ДӘРІДЕН

 Бөдене жұмыртқасының құрамында – фосфор, темір, калий, радионуклеидтің небір пайдалы қоспалары бар. Олар адам бойындағы темір қалдықтары мен шлактардан тазартады. Бронх астмасы, асқазан, жүйке, жүрек, туберкулез ауруларына пайдалы.

Қырғауыл еті – майсыз болады. Ет құрамы РР, В6, В12, В2 дәрумендеріне бай. Адам бойындағы шлак біткеннен тазартып, асқазан, жүйке, жүрек, қан, тері ауруларының жазылуына септігі мол.

Күркетауық етінде РР, В6, В12, В2 дәрумендері, темір қоспасы, магний, ақуыз бар. Еті майсыз, қышқылы болмағандықтан асқазанға салмақ түсірмейді. Тері аурулары мен ісік, жүйке ауруларына пайдалы.

Жұмыртқа қабығы – кальцийдің қайнар көзі. Оңай қорытылады. Сондай-ақ құрамында карбонат, фтор, марганец, мыс, күкірт, темір бар.

Бал – ұзақ өмір сүрудің кепілі. Оның құамында жетпістен астам элементтер бар. Ағзаға тез сіңеді, клеткаларды жаңартуға, жүрекке оң әсер беріп, қанды тазартады. Мидың жұмыс істеу қабілетін жақсартып, қан айналымының қалыпты болуына керекті қуат береді. Иммунитеттің күшеюіне себебі зор. Жараны жазып, күйікке де ем бола алады. Бал ағзаға көп энергиямен күш-қуат берсе де, дене салмағын көбейтпейді.

Қарақұмық балы иммундық жүйені қалпына келтіріп, қаназдықтан арылтып, гемоглобинді көтереді. Бүйрек, асқазан, ішек және буын ауруларына дауа. Ағзаны улы қалдықтардан тазартады.

Көкөністер – адам ағзасында алуан түрлі дәрілердің, дәрумендердің, микроэлементтердің, минералды тұздардың, басқа органикалық қышқылдардың, хош иісті майлардың қайнар көзі.

Көкөніс дақылдары сіңіруі жеңіл болумен қатар, басқа жеген тағамдардың ағзаға таралуына әсер етіп, сіңімділігін жақсартады. Организмдегі зияндыларды бейтараптандырып, ағзадан шығуын жылдамдатып, қорғаныштық қасиетті (иммунитет) күшейтеді.

Зреттеушілердің айтуынша, сарымсақ дәруменге бай. Оның тағамдық және емдік маңызы пиязбен бірдей. Ал химиялық құрамы пияздан анағұрлым бай. Сарымсақта В және С тобына жататын дәрумендер мен хлор, фосфор, йод, марганец, кальций, мыс, магний, көмірсулар және түрлі микроэлементтер тобы бар. Темір өте көп. Құрамындағы мырыш қияр, шалғам, қызанаққа қарағанда 5-6 есе, қырыққабат пен сәбізден 2,5 есе, құрамындағы йод пияздан 3 есе көп. Селен, А, В1, С, РР дәрумендері де кездеседі. Аздаған эфир май да бар. Төрт жүзден аса компоненттерден тұратын нағыз, арзан, табиғи антибиотик. Ғалымдар оның мидағы қартаю процесін тежеп, жасушаларды тазартатынын анықтаған. Одан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға байланысты жасушаларды жақсартады.

Халық медицинасында сарымсақты тағамға табет ашуға, ас қорытуды жақсартуға, тұмауды, тамаз бездерінің қабынуын емдеуге пайдаланады. Сарымсақтың несіп айдайтын, ішек құрттарын түсіретін, жүректің бұлшық еттерінің күшін жақсартуға әсері бар. Иммунитетті көтереді, ағза жұмысын жақсартады, қанға қалдық жиналуын тежейді, қан тамырларын қақтан тазартады.

Сарымсақтың сыңары – пияз өте бағалы көкөніс. Құрамында С, В топтары, РР, каротин бар. Оны баспа тұмау, гайморит кезінде иіскесе көмегі тиеді. Пияз шырыны қақырық түсіріп, жөтелді басуға, ас қорытудың шіріткіш процестерін төмендетуге ықпал етеді. Ыстық судағы буымен демалу арқылы тыныс жолы ауруларынан айығады. Шикілей жесе иммунитетті көтеріп, бактерияларды өлтіреді.

Піскен қызанақтың құрамындағы С дәрумені лимон мен апельсиндегідей. Ал алмадан 4 есе көп. Е, В, В1, В2, РР дәрумендері, биотин, қышқылдар, фолий, темір, фосфор тұздар, әсіресе калий көп. Қызанақ шырыны ішектегі шіруге жол берместен, асқазан мен жүректі жақсартады. Мәуесі жарақатқа пайдалы. Қызанақ қабығы рактан сақтайды. Жүрек-қан тамыр ауруларынан сақтап, емдейді. Ішек жолдарын қорғап, дененің қарсылық қуатын күшейтеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 107 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: