15:45
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАБИҒАТ БЕРГЕН ДӘРУМЕН КЕМ БОЛМАС ЕШБІР ДӘРІДЕН

  Дәрумендер минералдармен бірікпей ештеңе істей алмайды. Қаңқа сүйектері А, Д, К дәрумендерінің бірлестігі арқасында мықты болады. Тамақтану арқылы түсетін кальций мен фосфор сүйек пен тісті нығайтады. Бұлар сүт пен сүтөнімдерінде қажетті мөлшерде бар.

Сондай-ақ А, Д, К дәрумендері магний мен мырыш сияқты минералдарсыз тиімді емес. Магний ағза процестерінің бәріне қатысады. Ол улауға, аллрегияға, стреске, йондық сәулеленуге қарсы тұрып, дене температурасын қалыпты ұстауға ықпал етіп, холестеринді реттеп отыратын амин қышқылының жұмысын жандандырады.

Магний деңгейінің төмендеуі жүрек-қан тамырларына жайсыздық әкеліп, зейіннің нашарлауына, тітіркенгіштікке, бас ауруына, ұйқы бұзылуына, мазасыздыққа, шаршағыштыққа, іш қатуына әкеліп соқтырады. Аритмия, инсульт туындауы мүмкін. Ол азайған сайын ағза жасушаларына кальций иондары молынан орнығып, магнийді ығыстырады. Бұдан миокард жасушалары бүлініп, жүрек жұмысына нұқсан келеді. Жүйке де нашар сезініп, адам мазасызданып сыр береді. Ұйқысыздықпен қоса белгісіз үрей, қорқыныш, шыдамсыздық артып, шаршайды. Ашуланып, ызаланса ағзадағы бар магнийдің өзі сыртқа шығып кететіні бар.

Бұларды болдырмау үшін құрамында магний бар: жаңғақ, бұршақ, күнбағыс дәні, қарақұмықты, жапырақты көкөністерді, қызанақ, банан, бүтін дәнді жармалардан жасалған ботқаларды, шемішкені пайдаланған жөн. Қыс кезінде магнийді әселден, мейізден, құрмадан, кепкен өріктен, жаңғақтан, сұлы, бидай, қарақұмық, арпа ботқаларынан алады. Көктемде аскөк, ақжелек сияқты көктерден, жасыл салаттан алсақ, күзде қарбыздан, қызылшадан, сәбізден, бананнан, күнбағыс дәнінен алуға болады. Ал қандағы холестерин мөлшерін кеміту үшін магний, В6 дәрумені мол. Өнген бидай, ашытқылар, кебекті, бауырды пайдалан.

Мырыш ми жұмысында, көруде, жүрек-қантамыр ауруларынан қорғануда орасан орын алады. Мырыш лимфоциттердің шығарылуында қызмет ететін темірге жауап береді. Мырыш деңгейінің төмендеуі дәмді, иісті сезу нашарлап, бой тежелуіне, тырнақтарда ақ нүктелердің пайда болуына, жара ұзақ жазылмауы, терінің құрғап, қатаюына, шаш қайызғақтанып, түсіп, тәбет төмендеуіне әкеліп соқтырады. Ол жолды кесу үшін мырышпен қажетті мөлшерде қамтамасыз ететін. Дәнді ботқаларды, асқабақ дәнін, қара жидекті, тауық, сиыр, қой еттерін, теңіз қырыққабатын, бұршақтарды пайдаланған жөн.

Мыс иммундық жүйені реттейді. Ол жаңғақта, асқабақта бар.

Құрамына темір кіретін қанның гемоглобины әрбір жасушаға күйме ретінде оттегі тасиды. Ағзада темір жетіспесе, ойлау қабілеті мен физикалық жағдай едәуір төмендейді. Тілдің үстіне жабынды пайда болып, шаш түседі, бас айналады, ұйқы да, тәбет те нашарлайды, ауыз бұрышына «ауыздық» шығады, бырнақ жұқарып, топырақ, кесек, әк жегісі келіп тұрады. Бұлай болмауы үшін түрлі ет өнімдерін, көкөністерді, аскөк пен жемістерді, дәнді жармаларды пайдалану керек.

Йод ағзада маңызды гормондарды түзеді. Ол адамның ақылды, шымыр және күшті болып өсуіне көмектеседі.

Йод тапшылығы шаршағыштыққа, зоб ауруына алып келуі мүмкін. Сондықтан теңіз қырыққабатын, балықты және басқа теңіз өнімдерін пайдаланып, тұздың йодталу дәрежесін біліп отыру жөн болады.   

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 130 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: