13:26
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАБИҒАТ БЕРГЕН ДӘРУМЕН КЕМ БОЛМАС ЕШБІР ДӘРІДЕН

  Дәрумендер адам ағзасындағы зат алмасу процестерін жақсартып, ағзаның ауруларға қарсы тұру қабілетін арттыратынын жалпы білеміз. Медицинада қазір дәрумендердің 30-ға жуық түрі белгілі екен. Ағзада дәрумендер жетіспегенде, күш-қуат кеміп, әлсіреп, шаршап, ештеңеге зауқы соқпай тұрады. Терісі қрғап, ашуланшақ болып, жұқпалы ауруларға тез шалдыққыш келеді.

Әрбір дәруменнің атқаратын өзіндік қызметі бар. Дұрыс тамақтанып, ағза керекті дәруменін алса, ағзадағы ағзадағы зат алмасу өз қасиетін сақтап, ойдағыдай жүріп тұрады. Ағзадағы дәрумендер шамадан тыс артса, не жетіспей жатса да өз зиянын тигізеді.

А дәрумені майда еритін ең күшті – өсу дәрумені. Ағзаның өсуіне көмектесіп, денсаулықтың мықтылығы, терінің әсемдігі үшін қызмет етіп, асқазан-ішек және тыныс алу жолдарының шырышты қабатының қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Иммунитетті күшейтеді. Ол В2 дәруменімен қосылып, көздің көрінуін арттырады.

А дәруменінің жетіспеушілігі көздің түнде көруі мен түсті ажыратуын нашарлатып, ақ түстес қан клеткаларының азаюына әкеліп, адамның жүзі қуқылданып, тері мен шаш құрғап, қабыршықтанып тырнақ сынғыш келеді. Өсу баяулайды, безеу қаптайды. Тәбет төмендеп, қабынуларға шалдығу жиілейді.

В тобының дәрумендері (В1, В2, В3, В6, фолий қышқылы, В12 және биотин) – ми дәрумендері. В1 дәрумені жүйке жүйесінің жұмысын қалыпты ұстап, көздің көргіштігін сақтайды.

В2 дәрумені (рибофлавин) ағзадағы зат алмасуын ынталандырып, бұлшық еттер тонусын нығайтып, теріге де пайдасы зор.

В3 дәрумені (никотин қышқылы) майлар мен протенидерді синтездеп, ми үшін, ағзада гормондар түзілуі үшін қажет.

В6 дәрумені (пиридоксин) ақуыз бен май алмасуын реттеп, кальциймен бірлесе отырып, жүректің, бұлшық еттердің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.

В9 (фолий қышылы) және В12 дәрумені (цианоколабин) бір-бірімен байланысты молекулярлық құрылымдар. Олар ағзадағы көмірсу және май алмасуына атсалысады. В12 дәрумені – қанның пайда болу процесіне қатысып, жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, оған оттегі түсуіне әсер етеді. Зат алмасуда, жүйке жүйесіне әсері зор.

В дәрумені жетіспесе бұлшық еттер әлсізденіп, табет кеміп, іш қатып, тез шаршап, бас ауырып, ауыз жарылып, ерін қабынады. Ас қорыту төмендеп, шаш пен тырнақтың жағдайы да нашарлайды. Жүрек қызметі бұзылып, құрыспа болып, жаурауық бола береді.

С дәрумені суда ерігіш – қан тамырларын, теріні, сүйектерді, бұлшық еттерді қалыпты ұстайтын дәрумен. Зат алмасу жүйесін жақсартып, холестеринмен күреседі. Жүрек бұлшық етін, иммунитетті нығайтады. Басқа дәрумендердің және минералдардың ағзаға тез сіңіуіне көмектеседі. Бұл дәрумен адам ағзасында тек тамақпен бірге күнделікті қабылданып отырады. Ал жетпеген жағдайда ерін, құлақ, тырнақ көкшіл тартып, тері бозарып, құрғап, қызыл иек қанағыш болып, иммунитет төмендеп, адам ұмытшақ, ашуланшақ болып кетеді.

Р дәрумені – суда ерігіш дәрумен. Жүрек тамырын нығайтады. Ол цитрусты жемістер мен алма, таңқурай, итмұрыннан табылады.

Е дәрумені – майда еритін дәрумен. Радикалдармен күреседі.

Д дәрумені күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен теріде түзіледі. Сондықтан күн сәулесі зиянсыз уақытта, күн сайын таңертең және түстен кейін 20 минут далада жүрген пайдалы.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 125 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: