13:36
Рухани-танымдық сүрлеулер

САУСАҚТАР СЫРЫН ТАҒЫ БІЛ, КӨРСЕТІП, ЖАЙЛАП ҰҒЫНДЫР

  Бала кезден бас бармақтан бастап, сұқ саусақты – балаң үйрек, ортаңғы саусақты – ортан терек, аты жоқ саусақты – шылдыр шүмек, шынашақты – кішкене бөбек деп атағанымызды ұмытпған шығармыз. Бірақ осы бес саусақтың әрбірі отбасы мүшелерінің нышаны екенін біле бермейміз. Олай болса көңіл аударайықшы: Бас бармағымыз – ата-ана нышаны да, сұқ саусақ – бауыр-аға-қарындастардың нышанына баланады. Ал ортаңғы саусақ – өзің болса, аты жоқ саусақ – шылдыр шүмегіміз – жұбайлар нышаны болады. Соңғы саусақ – шынашақ, кішкене бөбек – жеткіншек-балалардың нышанын білдіреді.

Енді осы шынайылыққа көз жеткізу үшін, тәжірибе жасайық. Ол үшін алақанымызды беттестіріп, ортаңғы екі ортан теректі бүгіп қойып, бас бармақтан бастап бір-бірінен ажырата бастасаң, сұқ саусақ та, шынашақ та оңай ажыратылады. Ол деген сөз: бас бармақ – ата-анамыз балаларымен мәңгі бірге тұрмай, ажырап кетерін білдірсе; сұқ саусақтардың тез ажыратылуын – бауырлардың отбасын құрған соң, бөлінетіндігінің нышаны екен. Ал шынашақтың оңай ажырауын есейген ұрпақтардың өз ұяларынан бөлініп, жеке отбасын құруымен байланысты. Ал аты жоқ саусақ жұбы, ұрпақ әкелер ерлі-зайыптылар болғандықтан, ажыратуға әрекет жасағанмен, еш ажырата алмайсың. Аты жоқ саусақтың бізге таныс «шылдыр шүмек» аталуының мәні де сол мәңгілікке жұптасқан жұптардың, шүмекті шылдырлатар дүниеге ұрпақ әкелуімен байланысты сияқты. Бұл деген сөз – аты жоқ саусақтың шынайы берік махаббаттың нышанын білдіріп, қашанда мәңгі бірге болатындығын дәлелдейді.

Жұптасқан қос жүректің шынайы махаббатының белгісі – неке сақинасының тек қана аты жоқ саусаққа тағылуының да сыры бар. Ол жүрекке баратын күре тамыр, дәл осы аты жоқ саусақ арқылы өтетіндігінде жатса керек.

Шынайы махаббат пен сүйген жүрек қашанда егіз ұғым. Бірінсіз-бірінің өмірі жоққа тән. Олай болса, пәк сезімнің белгісі – неке сақинасының жүрекпен жалғанған күре тамырлы аты жоқ саусаққа тағылуы қисынды да қонымды. Тағы байқасақ, аты жоқ саусаққа кигізілген жүзіктің жұмысқа еш бөгеті байқалмайды.

Міне, саусақтардың сыры осындай екен.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 118 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: