13:30
Рухани-танымдық сүрлеулер

САУСАҒЫҢМЕН ЕМДЕСЕҢ, ЖАЗЫЛАСЫН ДЕМДЕ СЕН

Қатты ширығып қобалжуды басудың жолы

Қобалжыған адам әр нәрсені ұстап, жүріп тынышсызданады емес пе? Мұндайда, күйзеліп, қатты ширығуды басу үшін, алақанға массаж жасау керек. Сондай-ақ, алақан ортасындағы құрсақ өрімі нүктесін бас бармақпен екі-үш минут уқаласа да көмектеседі екен.

 

Басың ауырса бас бармағың көмектеседі

Бас ауруын басудың жолын да саусақтардан табуға болады. Ол үшін бас бармақтың ең сезімтал нүктесін тауып, оны басқа қолдың бас бармағымен уқалап, кезектестіріп екінші қолға да солай уқалауды жалғастырса, бас ауруы басылуы тиіс. Егер басыла қоймастан жиі ауыра берсе, оның себебі белдегі ширығуға байланысты ма, әлде басқа да жағдайларға байланысты ма, дәрігерге тексерілген жөн.

 

Ас қорыту қиындаса, саусақтарыңды жұмылдыр

Ас қорыту қиындап, асқазан ауырлап мазаласа, бас бармақтың түбінен шынашаққа қарай бағытта 2 минут бойы массаж жасаған дұрыс. Екінші қолға да дәл сондай әрекет жасауды жалғастыру керек.

Жоғарыдағы айтылғандай табандағы нүктелерді уқаласа да дұрыс нәтиже береді. Теннис шаригін табанның ортасымен басып, әрі-бері қозғап, массаж алғанда ішек жұмысы жақсарады.

 

Іш қатудан құтылуға саусақтарың көмекке келер

Алақанды ішек нүктесі бар, бас бармақтың түбінен шынашаққа қарай екі алақанға кезектестіріп 1 минуттан диагоналды массаж жасаса, іш қатудан құтылуға болады.

Білгенге, өз саусағы өзіне емші екен ғой. Сауығып кетудің жолын біліп алғанның еш артықтығы жоқ қой, ә!? 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 127 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: