13:31
Рухани-танымдық сүрлеулер

САУСАҒЫҢМЕН ЕМДЕСЕҢ, ЖАЗЫЛАСЫН ДЕМДЕ СЕН

Алақан мен саусақтарда өзіңнің ішкі ағзаңмен, жүйке жүйесі жұлынмен байланысты нүктелер көп. Солар арқылы өз саусағың өзіңе ем жүргізе алатынын білгің келсе, мына төмендегі әрекеттерді біліп жүргенің артық болмас:

 

Қос саусағың шипагер

Алақан жағынан қатты басқанда ауырсынатын нүктені тауып, ортаңғы саусақтан бастап, «шылдыр шүмек» арасын сағат тілі бағытымен және оған қарама-қарсы бағытта, бас бармақпен 2 минут айналдыра уқаласаң, суықтың салдарынан бас, көз және мұрын аумағы ауырғанда ем болары сөзсіз.

 

Мұрын біткеннен құтылу жолы

Барлық саусақтардың ұшын бірнеше секунд қатты қысып тұрып, бірден босатып, тап солай бес-алты мәрте қайталар болсаң, мұрынның бітеліп, бітіп қалуынан құтылуға болады.

 

Белді бас бармақтар емдейді

Жалпы адамның белі, омыртқа арқылы өтетін жұлынмен байланысты болғандықтан, бел ауырғанда оң қолдың бас бармағымен сол қолдың бас бармағын алақаннан бастап, тырнақтың ұшына дейін жылжыта басып өткен дұрыс. Бұлайша екі қолдың бас бармақтарымен массаж жасау арқылы омыртқаны ұстап тұрған бұлшық еттердің босаңсып, оның ширығуын басуға болады екен. Осылай массаж жасау кезінде құрсақ өрімінің (солнечное сплетение) нүктесін жайлап сипалап отырса, тек арқа ғана емес, бүкіл дене ширығуы басылады.

 

Соңғы қос саусағың да көмекке келер

«Шылдыр шүмек» пен «кішкене бөбек» шынашақтың алақандағы ауырсыну нүктесін тауып, екі қолдағы сол нүктелерді бас бармақпен кезектестіре отырып, 1 минуттан уқаласа, иықтың ауырғанын қойдыруға болады. Иықтың ауыруы отырған орындықтың жайсыздығынан болса, ұманы (поясница) дұрыс ұстап, орындықта нық отыру керек. 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 119 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: