16:00
Рухани-танымдық сүрлеулер

САУСАҚТАҒЫ ӨРНЕК-СЫЗЫҚ БОЛМЫСЫҢДЫ БЕРЕР ТІЗІП

Бұған дейін тоқталған алақанның бірін-бірі қайталамайтын өрнекті сызық, бұдырмақтарға қарап, адамда қалыптасқан мінез-құлық жайын, олардың тағдырын болжауды хиромантия ілімі атқаратынын айтқан едік. Бұл хиромантия атанған ілімнің отаны – Үндістан. Олардың тұжырымдары бойынша, саусақтағы әрбір сызық пен өрнек, құрылуына қарай, көп мәнге ие екен. Енді осыларға тоқталсақ:

1. Саусақтарында сәл ғана иілген аспа тәріздес (арка) сызықтар өрнегі орналасқан болса, ол адам – жан-жағын байқап, алды-артын аңғарып алып, аяғын аңдап басып, сақтанып жүретін жан болғаны. Ол өмірді өте сабырлы, байыпты, байсалдылықпен зейін қоя ұғынады. Өмірде өз ойын ішке сақтап, әр іске күдіктене, күмәнділікпен қарайды. Өзін материалдық жағынан қамтамасыз ете отырып, жөнсіз алмастыру мен өзгерістерді де қалай қоймайды.

2. Саусақ іздері ілмектелген тұзақ тәріздес, ілгекті сызық-өрнектер (петля) болса, ондай адам – кез келген жағдайға ыңғайланғыш, тез бейімделіп, өз пайдасына асыруды білетін, адамға үйір, көпшіл жан болғаны. Мұндай адам – жан тыныштықты ұнатып, болмысымен татулықты қалайтын болғандықтан, қандай да болмасын қарсыласуға бара беруді артық санайды. Белсенділік танытып, ынталана ой айтуға батылдық пен табандылық жетпей жататыны бар.

3. Саусағындағы сызық-өрнектер ортасынан қарағанда дөңгелене шиыршықталып, бұйраланған сияқты іздері ширатыла (завиток) түсіп, сопақшалау болып біткендер – шын дәрежедегі нағыз жетекші (лидер) тұлға болуға лайық. Бұлар өздеріне сенімді бола тұрып, басынан сөз асырмай, шамдануға келгенде алдына жан салмайтын шамданушылығы басымдар. Көзі жетпесе, бетінен қайтпайтын, бірбетті, қайсарлығы да бар.

4. Саусағындағы ілмектелген тұзақ тәріздес ілгекті іздермен өрнектелген сызықтары жоғары-төмен екі жақтан бірдей, қарама-қарсы қосарланып (двойная петля) түскен адам – іштей үйлеспеушілігі басым, ішкі қайшылыққа толы жан. Өзіне-өзі сенімді болмағандықтан, кез келген шешімі табылар күрделі мәселелерге көзі жетіп тұрғанмен де, шешім етуге батылы жетпей, дәті шыдамай, қысқасы, көңілі дауаламайды. Сондықтан да өзімен-өзі кереғарлыққа баруы салдарынан, қайшылық атаулы шешілмей, үнемі бірге ілесіп жүреді. Осы баяндаған қосарланған имек, ілгекті іздер саусағында болса, ол – құлшынысы бола тұра, ойға алған ісін тіпті, бастауға да тоқтам жасай алмайтын адамға тән болатынын біліп жүргені артық болмас.

Міне, үнді ғалымдарының саусақтағы сызықтар түзген, әркімнің өзіне ғана тән, бірін-бірі қайталамайтын ерекше әшекейлі өрнектерінің сырын да білдік. Өзіңнің саусағыңда қай түрлі өрнек-сызықтар суретін салыпты, қарап алып, мінезің мен қабілетіңді біліп, жағымсыздау мінезді қолдан келгенше түзетуге әрекет жасау да артық болмас. 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 132 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: