21:44
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҰЙҚЫДАҒЫ АДАМНЫҢ ЖАТЫСЫНА САЙ МІНЕЗІ БОЛАДЫ

Тізесін бүгіп ұйықтайтын адам ешкімге кек сақтамайтын, сенім артуға болатын, кез келген ортада өзін жайлы сезінетін, адамдармен тез тіл табысатын, бір қалыпты жан екенін біл.

Аяқтарын бауырына жиып, бүк түсе ұйықтайтын адам сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғанғандай болып, үнемі айналасының демеп, қолдауына мұқтаждық танытып тұратын, ара-тұра көз жасына ерік беріп қоятын, өте сезімталдар тобынан. Мұндайлар қолынан келетін сүйікті істерімен үнемі айналысып тұрғандары жөн болады.

Етпеттей, аяқтарын алшақ тастап, қолдарын да еркін сермеп жататындар, жұмыста да, отбасында да тәртіп орнатып, бәрін қадағалап, істер ісінен алдын ала дайындалып, жоспар құрып, тыңғылықтылығы мен бірбеттілігінің арқасында діттеген мақсаттарына жетіп, небір өмір асуларын бағындыра алатындар.

Қолдары мен аяқтарын екі жаққа еркін жіберіп, шалқасынан жататын жандар жұрттың назарын өзіне аудартып, халықтың ортасында жүргенді қалайтын, еңбекқор, шындықты бетке айтатын бірбеткей, бар назар тек өзінде болуды қалайтын, көбіне ерлер болып келеді.

Аяқтарын жазбай, шалқалап жатып ұйықтайтындар өзіне тым көп жауапкершілік ала отырып, аңдап баса, мақсатына жететін, қаталдығы да барлар.

Оң аяғын жиып, сол жамбастап ұйықтайтыдар жымиып тұрып, айқайға басқанмен, өмірде де, қызметте де тұрақтылық пен тыныштықты, ықтияттықты қалайтындар болып келеді екен.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 127 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: