12:17
Рухани-танымдық сүрлеулер

АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕ, МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРАП, ЖАН-ДҮНИЕСІН ОҚИЫҚ

Алақандағы көп сызық, сыр айтар қызық

Өмірде хиромантия деген ілім бар. Хиромантия грек сөзінен аударғанда: cheir – қол және manteia – болжау, яғни алақан сызықтары мен төмпешіктеріне қарап, адамның мінез-құлқын, оның болашағын жорамалдау. Енді сол ілім салған жолмен саралайық:

Қолдағы бес саусағымыздың басталар тұсының өз атаулары бар. Бас бармақтың басталар тұсын – Венера (Шолпан)төмпешігі десек, сұқ саусақ – балаң үйректің негізін қалап тұрған – Юпитер төмпешігі, одан әрі өз ретімен, ортан теректі – Сатурн төмпешігі, аты жоқ саусақ – шылдыр шүмекті – Күн төбешігі, шынашақты –кішкене бөбекті – Меркурий төбешігі негіздерін қалап тұр.

Алақандағы сызықтарды Өмір сызығынан бастасақ, Өмір сызығы, бас бармақты Венера төбешігі арқылы алақаннан бөліп тұратын иілген сызық. Бұл сызық тегіс, бастан аяқ айқын болып түскен болса, ол адам ауру-сырқаудан аман, өмірі ұзақ боларының белгісі; өте жіңішке, қысқа үзіктермен жалғасып, айқасса – әлсіздігі мен аурушаңдығын меңзеген.

Сызық, Бауыр сызығына жақындап, қым-қиғаш із түссе – ол адамның мінезі жақсы, пайым-парасаты дұрыс болғаны.

Бақыт сызығы – шынашақтың төменгі жағы мен Меркурий төбешігінің төменінен басталып, Юпитер төмпешігіне қарай созылып жатқан сызық. Бұл сызық алақанның екі ұшын жалғап жатқан ұзын болса, ол адамның – денсаулығына шағым айтпайтын, ағзасы төзімді болғаны; сызық қысқа және ирелеңді әрі үзікті болып келсе, керісінше болатынын көрсеткені. Егерде бұл сызықтың ұшы тек Сатурн төмпешігінің тұсынан бітетін болса, ол адам – бос кеуек, өтірікші. Егерде бұл сызық Юпитер төмпешігіне дейін созылып, тарамданып жатса – Құрмет. Егер сызық тегіс, жатық, кесіксіз, тармақсыз болса – кедейлік пен мұқтаждықтың нышаны.

Бауыр сызығы – алақанның ортасын қақ жарып, Өмір сызығы мен Бақыт сызығының ортасынан өтетін сызық. Бұл сызық неғұрлым ұзын болса, ол адамның өмірі де ұзақ. Сызық тек алақанның ортасына ғана жеткен болса, ол адамның өмірі қысқа, немесе ауру-сырқаулы өмір кешеді. Сызықтың бітер жағында үзік болса, өмірінің соңына қарай кедейлікке ұрынарын көрсеткені.

Бас сызығы – Ми сызығы еді. Денсаулық сызығы. Бұл сызық қолдың білезігінен басталып, Меркурий төбешігіне қарай созылады. Сызық, Өмір сызығы мен Бауыр сызығымен жалғасып, үшбұрыш құрап тұрса, саналылық, естілік, ақылдылық, еркекке тән рух және байлықтың белгісі. Үшбұрыш неғұрлым дұрыс айқын болса, ақыл мен рух та жоғары болмақ. Бұрыштары әртүрлі болып, жақтаулары өзгеше болып келсе, жоғарыда көрсеткен қасиеттердің әлсірегендігін білдіреді.

Күн жолы – Күн төбешігінен басталып, алақанды Ай төбешігіне қарай қиып өтетін сызық. Бұл сызық айқын көрініп, тіктеп келіп, Ай төбешігіне қосылса, ол адамның қолдаушылары мықты болғандықтан құрмет пен табысқа кенеледі.

Егерде бұл сызық анық болмай, жеріне жетпей үзілген болса, керісінше, кедергілер мен сәтсіздіктерді көп көреді.

Білезік немесе Дракон сызығы – білектің басталар жеріндегі салынған бірнеше қатарлы білезіктерден тұрады. Білезікті сызықтар екі, үш одан да көп болып келеді. Алақанға жақын орналасқан бірінші білезік сызық тура, үзілместен анық көрініп тұрған болса, ол адамның дүниесі түгел, табысқа кенеліп жүреді. Ортасындағы сызықтар орта жолда үзіліп, қисайып, айқын көрінбей тұрса, ол адам физикалық тұрғыда нәзік, өмір күресінде табысқа жетуі күмәнді.

Бірінші білезік сызық, Ай төбешігімен жымдасып жатса, үлкен кедергілердің болатындығын көрсеткені.

Сатурн сызығы – білектің алғашқы білездігінен басталып, алақанның ортасын басып өтіп, ортан теректегі Сатурн төмпешегіне көтеріледі. Бұл сызық айқын көрініп, Сатурн төмпешегіне дейін көтерілсе, ол адам өте терең ойлы, айтулылардың тобында болғаны.

Құс жолы – Ай жолы деп те аталады. Бұл сызық, Сатурн сызығынан басталып, Ай төбешігіне қарай жүреді. Сызық ұзын болып, анық байқалып тұрған болса, ол адам теңізде де, құрлықта да бақытты саяхатта жүрмек. Бұл сызықтың кейде, ойы тұнық, шешен адамдарға да тән болатыны бар. Егер сызық шынашаққа дейін созылып барса, ол адам сирек кездесер бақыттың иесі болмақ.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 149 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: