16:51
Рухани-танымдық сүрлеулер

АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕ, МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРАП, ЖАН-ДҮНИЕСІН ОҚИЫҚ

Әжімнің де ақтарар сыры бар

Әрбір адамның бет-әлпетіне қарап, мінез-құлқын, талғам-сырын, көңіл-күйін оқуға болады. Беттегі әжімге қарап, ол адамның қй жерінің ауыратынын байқау жолы ғылыми негізде дәлелденген.

Мысалы, қабырғаның үстіндегі әжім – жүрек ақауының барлығын білдіреді. Ондайда, дәрігерге тексеріліп алған дұрыс.

Маңдайдағы әжім ой еңбегімен айналысатындарға, не болмаса, күйзелістен оңала алмай, қайғырып, жегі жеп жүретіндерде болады.

Кеңсіріктегі әжім – ылғи қабағы ашылмай кіржиіп, қапалы, ренішті көкірегі мұң-шерге тола, өмірге ырза болмай жүретіндерде кездеседі. Сондай-ақ, қуық, зәр жолдары кілтипанынан хабар береді.

Сол жақ езуде болатын сызық ыржақай, жыртақы, көп күлетін күлегештік белгісі емес. ол – асқазан ауруларының салдары.

Езудегі әжім шаттанып жайраң қағып жүрер көңілділіктің белгісі емес.

Әжімдер ас қорыту қызметінің бұзылуынан болады.

Ерін үстіндегі әжімділер – мінезі ауыр, тұйық, не ашушаң шорт мінезділер.

Бұлардың аш және тоқ ішектері нашар жұмыс істейді.

Көздің астындағы әжімдер бүйректің ақауынан хабар береді.

Көздің бұрышындағы әжімдер – мейірімділіктің ғана белгісі емес, өт жолдарындағы кілтипаннан да болуы мүмкін.

Өзімізге-өзіміз тұрақты бақылау жасап, сақтықпен жүрер болсақ, көп нәрсе ұғарымыз анық.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 143 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: