10:44
Рухани-танымдық сүрлеулер

АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕ, МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРАП, ЖАН-ДҮНИЕСІН ОҚИЫҚ

Тәніңдегі қал-меңің құпияңды ашар сенің

Үстіңгі ернінің оң жағында қалы бар әйел – қатыгез, мейірімсіз әрі ашушаң. Үйде қожа. Билікте жолы болғыш.

Мұрында қалы бар тіл табысқыш, тез шүйіркелесіп, сырласады.

Қал тап мұрнының ұшында болған адам – әзілқой, қалжыңбас жан.

Бет пен танаудың қосылған жерінде езуге таяу қалы бар адам – жұртқа кеңес беруге бейім, қай кезде не істеу керек екенін біледі.

Иек астының оң алқымында қалы бар еркек – өзіне не керекті біліп, өзгелерді өзіне бағындырып, дегеніне жетпей тынбайтын адам.

Сол алқымында қалы бар еркек – бірбеткей, қанағатсыз жан.

Сол көзі мен құлақтың арасына орналасқан қалы бар адам – көрген түстері дәл келетін, сезімтал жан.

Оң көзі мен құлағының арасында қалы бар адам – көріпкел. Мұндай балалардың тәрбиесіне баса назар аударып, аса сақ болған жөн.

Қарындағы қал нәпсіні ауыздықтай алмай қалатын, ішімдікке, шылым тартуға жақындарда болады. Бұл қал қарынның тура ортасында орналасса, ол адам – барлық діттеген нәрсесіне қол жеткізе алады.

Иыққа жақын қалы бар адам – өзіне көбірек көңіл бөлу керектігін қалайтын және өз отбасының қамқорлығына сүйенетін жан.

Арқасының жоғарғы тұсында қалы бар ер балалар әлсіздеу келетіндіктен оларға көп көңіл бөліп тұрғанның артықтығы болмас.

Оң қол білезігінің ішкі жағындағы қал – тез өкпелеп, бұртиып қалатындықты білдіреді.

Алақандағы қал – жүрегі нәзік, түкке тұрмасты көңіліне дік алып, өкпелегіштіктің нышаны.

Әйелдің сол жақ білегінің үстіңгі жағына орналасқан қал – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, рақымдылықтың және өзін қорғауды қажет ететіндіктің белгісі.

Әйелдің оң жақ білегіндегі қал – ерінің алақанына салып, көтеріп жүретіндей жағдайға жеткізетін бақытты жанның белгісі.

Қал, шынтақ пен шынтақ маңында болған адам – тез өкпелегіш, үнемі жолы болмай жүретін жан.

Ортаңғы саусағында қалы бар адам қайғы түспес үшін қалды сақинамен жауып қойғаны жөн болады екен.

Қал алақанда сирек кездеседі. Болған жағдайда, жоғалып, қайта пайда болуы мүмкін көрінеді. Мұндай қалға, алақанға қарап адам тағдырын оқитындар ерекше көңіл аударады екен.

Санында қалы бардың оқыс қылығымен ммінезі тез өзгереді.

Аяғының қалы барлар – ылғи биіктен көрінуге талпынады.

Табандағы қалдан көнбістіктің, шыдамдылықтың, сабырлылық пен өмірге құлшынысты біл.

Тізедегі қал шыдамсыз, алған ісін тез тындырғыштарға тән.

Біз денедегі қара ноқат – қал туралы, оның адам тағдырына қатысы жайындағы шамалы болжамдарды жеткізгендей болдық.

Қалдың бәрі зиянды емес көрінеді. Сондықтан да оны әркім өз бетінше алып тастауға әрекеттенбеу керек. Бабаларымыз қалды туған нәрсетелерге қал үлкейіп, бүкіл денені жауып кетпеуден қорғалсын деген сеніммен, Қалдыбек, Қалнұр, Анар, Анарбек, Қалдыбай, Меңмұлу, Меңдігүл, Қалдыкүл, Меңтай сияқты есім берген.

Жалпы, қалды алдырып тастағанда, тағдыр өзгеріп кетеді деген сенімнен арылған дұрыс болар.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 157 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: