17:42
Рухани-танымдық сүрлеулер

АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕ, МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРАП, ЖАН-ДҮНИЕСІН ОҚИЫҚ

Аты әлемге мәшһүр болған ғұламалар Аристотель мен Гиппократ адамның көзге көрініп тұрған сырт пішініне, яғни бет-әлпетіне қарап та, оның жан-дүниесінен хабардар болуға болатындығын дәлелдеп кеткен. Олар және басқа да өнердің бұл түрімен айналысқан ғалымдар, адамның бет-әлпеті, адам бойындағы қалтарыстарды тез әрі өз дәрежесінде дәл ашып бере алатындығын айтады. Олай болса, бет-бейнелерге шолу жасап көрейік.

 

Иіс сезер мұрының кепілі – сенің сырыңның

Мұрыны мен ауызының арасы тым алшақ болып біткен адамдардың әдептілігі аздау болады екен.

Имек тұмсықты адамдар – кекшіл болып келеді.

Мұрыны төмен қарай бүгіле біткен адамдар – эгоист, залым-сұрқиялыққа бейім болып келетіндер.

Мұрыны жоғары қарап қалғандар – тосыраң мінезді, еркін жүріп, көпшілік мойындаған тәртіпке де бағына бермейтіндер.

Таңқы мұрындылардың денсаулығы кемдеу болатын көрінеді.

Пұшық, тәмпіш және таңқы мұрындылар да – қиын да ауыр жұмыстардан және қысылтаяң жерлерден басын алып қашатын, қиын тапсырмаларды шешуге қабілетсіздер.

Дөнес мұрындылар – тәкаппар, асқақшыл, өркөкіректер тобынан.

Ұзын мұрындылар – кертартпа, қыңыр, қырсық, кербақ және де істің жөнін біле бермейтін, іскерлік қабілеттері жоқтар.

Сүйір тұмсықтылар – талап қойғыш, қытымыр, зілді, қаталдар.

Жалпиған «картошка» мұрын адамдар стихияға бейім болады.

Мұрыны жуан адамдардың ойы алғыр, өздері мейірімді болып келеді. «Мұрынды адам – өктем, батыл» деген де бар.

Кеңсірігінің үстіне көлденең сызықтар пайда болған адамдар – мұрынының ұшында үнемі ашуы жүретін, тыз етпе, ашуланшақтар.

 

Ерін менен ауыз да сыр бүкпейтін «жауыз» ба?

Салпы ерінді адам – асқақ мінезді, менмендіктен, кекірттіктен, өркөкіректіліктен кенде емес, өзімшіл, іштар, қылтима кінәшіл, өкпешіл, сондай-ақ, небір жолсыздықтарға жол беру олар үшін түк те емес екен.

Үстіңгі еріні жуандар – әзіл-қалжыңды, сын сөзді көтере алмайтын, көңіліне тым ауыр алғыш адамдар.

Ерні қалың болса – ашушаң, жұқа – сөзшең, қайқы – ызақор.

Дүрдиген ерінді адам – сезімге тиянақсыз, білетін нәрсесінің өзін білмегенсіп, аярлана, тәсілқойлықпен, момынсып жасанды, сиқырсыған қылық көрсете, көлдете көлгірсіп, әзәзілденуге иық беріп, монтансиды.

Үлкен ауыз – төңірекке жағымды, қонымды да қылықты істерімен көзге түсетін, жайдары, жайлы, жұмсақ мінездің көрінісі. Аузы үлкен адам – ризығы мол несібелі болады деген сөзді де біле жүрген дұрыс.

Езуі қисайып тұратындар – еріншек, кер жалқау, кежір, кертартпа, бойкүйез, қиястап қыңыр тартатын, қырсық арынды мінезділер.

Екі езуі салбыраған «балық ауыздылардың» сыры, уайымшыл, көңіл күйі жиі бұзылып, өзінен-өзі құлазып қала беретіндігінде екен.

Ернін жиі жымқыра беретіндер – тәкаппар әрі өзімшілдер.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 149 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: