03:46
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҚҰЛАҚ БОЛСА ТЫҢДАР, ТУҒАН КҮНДЕ ДЕ СЫР БАР

Айдың бірінші күні туған адам – күш-қайраты мен ойы толық жететіндіктен, билікке ұмтылғыш келеді. Кез келген жағдайда жол таба біледі. Барға мақтанбайды, жоққа мойымайды. Шығармашылық ойлау қабілеті өте жоғары адам.

Айдың екісінде туғандар – екінші жақты пікірге құлақ асып, кеңесіп, сырласып, ой алаысып, әріптес болуға икемді, ынтымақтастықты жақтайды. Тапсырманы өте ыждағаттықпен орындауға дағдыланған.

Үшінші күні дүниеге келгендердің достары көп, айналасына адамдарды жиып алғыш, көңілділікті ту еткен, жан-жақты, көп нәрсені істей алатын сүйкімді, әрі тартымды адамдар.

Айдың төртінші күні дүние есігін ашқандар – нағыз еңбекқор, жан-жақты, өте адал, мөлдір таза, өзіне сенімді, айналасында болып жатқан әділетсіздіктерге төзбейтін, бірбет, мықты, өмірдегі қоғамдық қарым-қатынастардың негізін қалаушы, бейберекетсіздікке жаны қас, тәртіпті сүйетін, қолына алған мәселені соңына дейін жеткізетін іскер, кез келген тапсырманың қисынын таба білетіндер.

Бесі күні туғандардың қаруы – сөз. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Бірақ, жұмыс орнында көп отыруды қаламайды. Қызығушылығын, өмірге көзқарасын жиі өзгертіп, ізденіп, бәрін көріп қалуды ұнатады.

Алтысында туғандар – білімді, адамгершілігі мол, тыныштық пен үйлесімділікті сақтайтын, жауапкершіліктен қорықпайтын, өз отбасына қарым-қатынасты шынайы махаббат негізінде құратындар.

Жетісінде туғандар – сырт адамға сылбыр, түсініксіз көрінсе де, кез келген нәрсені ой елегінен өткізіп жүретін, ойлауға бейімді келеді. Философияға, өнерге жақын. Өз сезімін сыртқа шығармайды.

Сегізі күні туғандар – даңқ пен байлыққа жақын, қаражатқа байланысты істерді өркендететіндіктен жағдайлы болады. Адамдарға қол ұшын беруге әрдайым даяр тұрады.

Тоғыз саны – метафизика мен философияның саны. Сондықтан бұл да күнгілер – кемеңгер, жоғар деңгейлі саналылар. Саяхаттай жүріп, бар елдегі әдет-ғұрыптарға құштар. Табанды әрі төзімділер.

Оны күнгілер: кедергілерді жеңе білер, күш-қуаттың қоймасы. Ақылды, іскер, күшті, шығармашылық қабілеті жоғары.

Он бірінші күні туғандар – адамдарды өзіне тартып тұратын, өзгелерге достық көзқараспен қаарйтын, ойы ұшқыр, қиыннан қиыстары шешім табатын, өте сезімтал, идеалист, шығармашылық қабілеті жоғары, қамқоршылығы басым, тез жараланғыш жандар.

Көпшілдер – он екісінде туғандар. Олар салмақты, жақсы көрген адамын шын пейілмен, бар ниетімен ұната біледі.

Он үшінде туғандар: жұмысына берілген, адамдармен қарымқатынаста да ойланып, қате жібермеуге тырысатындар. Жоспармен жұмыс істеуінің арқасында оның игілігін де көре біледі. Бірақ, аздау демалатындықтан, үйлесімділікті бұзып алатын кездері де бар.

Он төрті күні туғандар – адамгершілікті, шығармашылығы бар, сөзшең, сезімтал, бастағанын аяғына жеткізетін, тосын құбылыстардан қаймықпастай қолға алып, істің үдесінен шыға білетіндер.

Он бесі күнгілер – көпшіліктің мейіріміне бөленетін, өзгеге жаны ашығыш, өзі де мейірімді, шағынуға жоқ, білім алуға, оқуға ұмтылысы мол, балалармен ойнап, оларды жақын тұтатындар.

Он алтысында туғандар – өте қарапайым, бауырмашыл, білімді, ақыл-ойға ие, өзінің тоқырап қалуына жол бермейтіндер. (жалғасы бар)  

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 140 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: