18:49
Рухани-танымдық сүрлеулер

ГҮЛДЕРДІҢ ӨЗІНДІК СЫРЫ БАР, КЕРЕК БОЛАР, ҰҒЫП АЛ!

Ададмардың жүрек сөзін үн-түнсіз жеткізіп, шабыттандыратын, жақындық пен ілтипат сыйлай білетін, табиғаттың адамға тартқан сыйы – әдемі де әсем гүл. Қуаныш та, күлкі де шақырар – сол гүл. Гүл – қуат көзі.

Түстің әсері әртүрлі болса, гүлдердің де адамаға әсері күшті.

Ресейде махаббаттың символына қызыл қызғалдақты жатқызып, қызыл раушанды келісім мен ынтымақтың белгісі ретінде қабылдайды.

Қазақтарда махаббаттың символына қызыл раушан мен қызыл қызғалдақ саналса, ақ түсті гүлдер адалдық пен кіршіксіз тазалық белгісі.

Енді, гүл сыйлаудың ретіне келсек: ақниеттіліктің, пәктіктің, шыншылдықтың, турашылдықтың, адалдықтың, жаны таза қыздарға деген құрметтің белгісі ретінде ақ түсті гүлдер сыйланады. Ақ түс, отбасын құруға ниеттен туындап, ақ ниетті, таза ойды білдіретіндіктен, жас келіннің қолына ұсынар гүлдестені де ақ түстен шоғырландырса, өмірлері ұзақ, сезім-құрмет шынайы, мәңгілік болмақ екен.

Махаббат белгісі – қызыл қалампыр, хризантема, қызыл лала. Қызыл гүлдер, еркін-бұла күшті, үстемдік-билікті, берік-мықтылықты сипаттайды. Содан да, берік-мықты мінезді, әмір жүргізгіш-билік құмар, күш-жігері қуатты, қажыр-қайратты адамдарға сыйланады. Ал, қызыл гүлдерді ер адам қыз-келіншектерге сыйлар болса, нәзіктік пен бүршік атқан махаббатты сипаттайтын жағымды белгі ретіндеқабылдаған жөн.

Сары гүлдер адамға байлық пен бақыт тілегенде ұсынылады.

 Сары гүл – қуаныш пен шаттықтың,жүректіліктің, жарқын көңілдің, қайырымды мейірбандылықтың, рақымдылықтың нышаны.

Көк гүлдерді сыйлау – таза пейіл мен адал махаббатты білдірсе, құпиялық ретінде, жұмбақ дүниелі жандарға да сыйлана береді.

Сарғыш гүлді асқақ күш-жігерін мойындап, ақыл-ойы мен қабілет, қарымының биіктігін білдерітн жұмыс бабындағы басшыңызға сыйлай беруіңізге болады.

Көгілдір түсті гүлдер шынайылық, тазалық, пәктік, ақиқаттықты білдерід. Яғни, жаны таза, пәк, сұлу мінезді адамдарға сыйға тартады.

Гүлге байланысты ойымызды былай түйіндесек.

Гүлді сүйген адамды күн сүйеді.

Күн – қуат көзіне, әлем бас иеді.

Күн сүйгеннің құлпырып тіршілігі,

Гүлдей жайнап, шатты өмір сүреді.  

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 166 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: