20:33
Рухани-танымдық сүрлеулер

КЕЙБІР ТҮР-ТҮСТЕРДІҢ АДАМДАРҒА ӘСЕРІН БІЛГЕНІҢ АРТЫҚ БОЛМАС

ҚОҢЫР ТҮС – түрлі реңдерден құралған қою түс. Әсершілдікті білдіретін түс. Бұл түс – ашық түстерге қарағанда, қара түске жақындау болғандықтан, адам көңілін басып тұратын қасиетке ие екендігін өмірде көріп жүргеніміз шындық. Әдетте, бұл түсті бірізді, жаттанды жадағай шешімді жек көретін, жігерлі, дені сау адамдар онша жақтырмайды.

Бұл түсті әбден қажып, тынығуды қалаған адамадр ғана жақсы көрулері мүмкін.

ҚАРА ТҮС – жұмбақ, құпия түс. Бұл түс – сыртқы әсерді тежеу мен шектеу үлгісін бейнелейді. Бұл түсті араласар ортада лайықты орны бар адамадр ұнатады. Бұл түс адамды беделді көрсетеді. Бұл түсті жақсы көретіндер тағдырмен бетпе-бет келгенде ылғи жеңіліске ұшырап, ағысқа қарсы жүзіп жүреді. Ал қара түсті жақтырмайтындар еш нәрседен бас тартпай, өмірде көптеген оқиғаларға душар болып, қиындық көрулері ықтимал. Оларға кейбір істерден бас тартып, айналамен санасуға үйренгендері дұрыс болмақ.

Көп жағдайда жағымсыз саналғанымен, қанық қара түс адамның энергетикалық қуатын жақсартып, ағзасын нығайтуға үлес қосады екен. Сондықтан да ғалымдар көп қуат жұмсауға тиісті адамдардың қара түсті киім кигенін жөн санаған.

СҰР ТҮС – жүйкені тыныштандырмайтын да, тоздырмайтын да, ешқандай психологиялық әсер тудырмайтын бейтарап түс. Бұл түс – қатаң тәртіпті, ресмилікті, шектеулілікті білдіреді. Бұл түсті жақсы көретіндер томаға-тұйық мінезді, шудан алыс жүретін, ешкімге сыр аша бермейтіндердің қатарынан табылады.

КҮЛГІН ТҮС – екі түстің, яғни көк пен қызылдың қосындысы. Бұған дейін тоқталғанымыздай, қфзфл түс жігерлікті, құштарлықты, ал көк түс тұрақтылық пен адалдықты білдірсе, күлгін түс интеллектіні, сананың тереңдігін, ұстамдылықты білдіреді. Әдетте, ішкі қарама-қайшылығы мол адамдар күлгін түсті ұнатады екен. Олар алдағанға сенеді, азғырғанға көнеді, сөйте тұра, айналасындағыларға ықпалын жүргізуді қалап тұрады. Шешуші сәтте тасада қалып қою оларға жат емес. Мұндай адамдар жалғыздықтан қорқып, өзінен гөрі өзгелерді дәріптеп, өзгеге жақсы көрінуге тырысады. Күлгін түстің асқынуды, қоздыруды тежейтін қасиеттері бар. Бұл түс тұмаудың асқынуына кедергі келтіреді. Ағзаның әлсізденуіне жол бермейді. Көздің жасаурауы мен шаншуын басуға көмегі тиеді. Жалғыздық пен жабырқау сезімдерін бәсеңдетуге септігін тигізеді.

Бұл түстің бір ерекшелігі: жоғары қан қысымы барлардың бұл түсті қолдануларына шек қойғандары абзал.

Міне, түрлі түстерге байланысты болжамдар осындай сипатта. Енді өздерің де біліп жүретін болдыңдар.  

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 178 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: