18:28
Рухани-танымдық сүрлеулер

КЕЙБІР ТҮР-ТҮСТЕРДІҢ АДАМДАРҒА ӘСЕРІН БІЛГЕНІҢ АРТЫҚ БОЛМАС

КӨК ТҮС – сабырға шақырады, ойды жинақтауға жәрдем етеді. Бұл түс кіршіксіз аспан мен тұнық теңіз түсі болғандықтан да дұрыс ойлап, нақты, жедел шешім шығаруға жәрдемдесе алады. Бұл түс миға тыныштық сыйлап, ұйқының жайлы әрі жақсы болуына әсер етеді. Бұл түс шынайы шындықтың, сезімталдықтың, тұрақтылық пен аңқылдаған адалдықтың шын белгісі есебінде, арманымыздың орындалуына әсер етерлік, ерекше түс саналады. Бұл түсті ұнатып, жақсы көретін адамдардың мінез-құлқы әрдайым тепе-теңдікте болады. Бірақ, сәтсіздікке ұшыраған жағдайда еңсесі түсіп, жүнжіп кетеді. КӨК ТҮС – рухымызды көтеріп, шабытымызды шалқытып, еңбегімізді еселей түсуге септігін тигізетіндігін өмірде де көріп жүргеніміз бәрімізге де аян. Бұл түс – еңбекқорлықты еселейтін нағыз белсенді түс болғанымен, асығыс шешім мен үстірт қимылдан аулақтау болған жөн екен.

Көк түсті ұнатпайтындар, негізінен, енжарлықты, тоқтап, тежеліп қалуды білмейтін, мазасыз алып-ұшпа болып келеді.

САРҒЫШ ТҮС –бостандықты, еркін-еріктілікті қажет ететін, байқалмаған қабілет-дарынды, іскерлікті арттыратын, қорқыныш пен үрей билеп жүргендердің көңіл-күйін, ішкі сезімін, ой дүниесін жайландыратын түс.

Сарғыш түс кигендер өркөкірек, тәуелсіз болып, танымал болуға ұмтылады. Әрдайым жас әрі көңілді көрінгіңіз келсе, сарғыш түсті киім киюге болады.

САРЫ ТҮС – қысым мен қорлықтан ада, кеңістік, азат өмірді бейнелейді. Сары түс – жанға жайлы жылу беретін, басыңа небір нәтижелі ойлар келетін, қабілетті арттыратын, адамға қалыпты әсер ететін, қайғы-реніштің жолын кесетін, қалыпты қуат, сенімділік сыйлар, күлкі, қуаныш әкелетін, денсаулығыңды шыңдайтын түс. Бұл түс – ақкөңілділіктің символы атанған. Солай болғандықтан да, жүйкеге қалыпты әсер етіп, денені сергітерлік қасиетке ие. Зат алмасу қызметін жақсартады, иммунитетті көтереді. Сары түсті гүлдерді жұқпалы аурумен ауырғандарға және уайым шегіп жүргендерге берген жөн.

Бұл түсті жақсы көретіндер өз жоспарын асырудан еш уақытта бас тартпай, болашақтан үміт үзбей, тәуелсіздікке ұмтылады. Ал сары түсті ұнатпайтындардың мінезінде ұстамдылық пен байсалдылық жете бермейді.

Қыздар сүйер ҚЫЗЫЛ ТҮС – өмірлік энергия түсі. Бұл түс – өмірге құштарлықтың белгісі. Бұл түс мидың белсенділігін арттырады, қандағы адреналинді көтеріп, күш-қуат беріп, адамның өмірге деген құлшынысын күшейтіп, ағзадағы қан айналым жүйесін жақсартады екен. Қызыл түсті гүлдер шаршауды басады. Қызыл түсті өмірде бірінші басты байлық деп білген – денсаулық сыйлар, шалқар байлық пен баянды бақыттың, шаттықтың, мызғымас достықтың түсі деп таныған дұрыс екен. Қызыл түсті таңдайтындар әдетте ашық мінезді, ойын еркін білдіретін, күшті, қайсар болып келетін көрінеді.

Сонымен қатар, қызыл түстің ерекшелігін адам жүзіндегі қызғылт рең, шатты шырай, ол адамның денсаулығынан хабар беріп, бақыттан басы айналар қалпынан да сезінуге болғандай.

Сөзге жүйрік, ақылман да ділмар шешендерді қызыл тілді деп бекер айтпаған.

Адам ағзасындағы қажетті қан құрамындағы гемоглобинді қызыл талшық, медицина тіліндегі эритроцитті қазақтар қызыл түйіршік деп бекер айтпаған.

Қызыл түсті жек көретіндер – кикілжің мен қиянат атаулыдан бойын аулақ салатын, мінезі орнықты адамдар екен.

Мінезі ашық, әңгіменің тығынын ағытатын ашық мінезді адамдар ҚЫЗҒЫЛТ ТҮСТІ  ұнататын көрінеді. Бұл түс – адам күшін белсендендіреді деген түсінік қалыптасқан.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 161 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: