16:52
Рухани-танымдық сүрлеулер

КЕЙБІР ТҮР-ТҮСТЕРДІҢ АДАМДАРҒА ӘСЕРІН БІЛГЕНІҢ АРТЫҚ БОЛМАС

Өмірде көп кездесетін АҚ ТҮС – тазалықтың символы. Ақ түс жайбарақат болғанмен де, шаттық сыйлайтын, ақ қағаздай тазалықтың, пәктіктің, адалдықтың, жақсылықтың нышанындай. Адамды жаман ойдан арылтады.

«Көңілің қардай ақ болсын, әділдік әр кез жақ болсын!» деген аталардың батасы осыны меңзеп тұр емес пе?!

Бұл түстің адам энергиясының тазалануына зор әсер ететіні белгілі. Ақ түске бүйрегі бұратындар, әдетте, жинақы, адал ниетті, тек өзіне емес, өзгеге де талап қоя білетіндер болады екен. Қалайда да ақ түстің қараңғы жерлерге жарық беріп тұратындығын ескерсек, кез-келген істі де жандандыра түсетін көрінеді. Өзболмысыңды таза, ретті, мейірімді көрсетуді қаласаң, ақ түсті киіммен жүргенің жөн.

Ақ түсті гүлдерді шығынға ұшыраған адамға,науқастан зардап шегіп жүрген науқасқа сыйға берсе, көмегі тиері сөзсіз.

Көктем мен жаз бойы көкжасыл желек жамылған кербез дала мен тал-дарақты қала, кімге болмасын көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, адамның нерв жүйесін тыныштандырады. Жасыл түстің кеңістігіңді кеңейтіп, сенімділігіңді арттырып, ақыл-ойыңды тазартатынын әркім-ақ сезеді емес пе?!

Жасыл біткен, бар тіршілік оянатын – көктемнің түсі. Көктемнің адам жанын жадыратар сиқыры бар. Сондықтан да, жасыл түсті киім, кез-келген ортада жақсы жағынан әсер етерін ұмытпаған жөн. Жанды жадыратып, көңілді жүруімізге көмектесер ЖАСЫЛ ТҮС – наыз гармониялық түс. Көкжасыл түстің қоршаған ортада көп болуы үшін жасыл желекті қорғап, көбейтуді қолдап отыруға тиіспіз. Жасыл түс аса күрделі жағдайларда қате қадам жасамауға көмектесер түс. Бұл түс сабырға келуге, төзімді, кешірімді болуға көмектеседі.

Жасыл түс – шын тұрақтылықтың белгісі. Адамның ойлау қабілетін жақсартады. Кері энергияны қуып қорқынышты басады. Жасыл түсті байсалдылықтың, өзін-өзі шыңдап, жеке басының жетістігін еселеуге талпынатын, өзіне деген сенімділіктің өлшемі ретінде қарастыруға болады. Жасыл түс – бейбітшілік, тыныштық. Жасыл түсті гүлдер көңілге тыныштық алып келетін сезім сыйлайды, миды тынықтырады, ашудан сақтап, зейінді теді. Жасыл түсті өсімдіктердің бөлмеде болғаны жақсы нәтижеге жетуге көмектеседі. Жасыл түсті жақсы көретіндер тік мінезді, ерік-жігері мықты, табандылығымен қиындықтардан жол таба біліп, өз шешімін іске асыруға күш сала алатындар.

Жасыл түстің қан тамырларын кеңейтіп, қан қысымын қалпына келтіруге көмектесетіндігі анықталған.

Жасыл түсті ұнатпайтындар небір күйкі ойлардың құрығынан шығуға батылдықтары жетпей, ылғи мұңы мен өкпе-ренішін айтып, баладай өкпелегіш келеді екен. Бұл түсті шығармашылық адамдары мен тұйық мінезді ойшыл адамдардың көп қолданбағаны жөн.

Желбіреген Көк Туымыздағы АШЫҚ КӨК ТҮС – әрдайм тепе-еңдікке, ақылдылыққа шақыратын, салқындатқыш, тыныштандыратын бейбітшілік пен тыныштық символы болар түс. Ашық көк түсті аса сезімтал, кеңпейілді адамдар пайдаланады.

КӨГІЛДІР ТҮСТІ шығармашылықпен айналысатын адамдар көбірек қолданса болады. Себебі бұл түс ойды ұшқырлап, қиялға қанат бітіріп, арманға нақты қадам басуға бастар түс. Бұл түс бұлшық еттерді босаңсытады, тыныс алуды реттеп, қан қысымын, жүрек соғуын қалыпқа келтіреді. Көңілсіз немесе қорқынышты ой билегенде осы түсті кию дұрыс саналады. Бірақ қан қысымы төмендерге зиянды.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 161 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: