14:59
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТӘУЛІК ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ АДАМҒА ӘСЕР ЕТЕР СЫРЫН ДА БІЛІП ЖҮРГЕН АРТЫҚ БОЛМАС

Оқушылардың сабақ жаттауына тиімді мезгіл – сағат 21. Себебі бұл уақыт, күндізгі көріп, естігендерді қайталай еске түсіріп, есте сақтауға қолайлы екен.

Сағат 22-де талма ауруы барлар сақтанып жүрер уақыт.

Адам бойында зат алмасуы баяулап, ұйқыға жатар мезгіл сағат 23-24маралығы. Бұл кезден бастап, адам ағзасы күні бойы жұмсаған энергияның орнын толтыруға көшеді. Сондықтан да ағзаның ішкі жұмыстарына кедергі болмау үшін тыныш қана ұйықтаған абзал. Осы ретте, жатар алдында Алладан тыныш ұйқы тілеп, ғалымдардың, ұйқы тыныш болу үшін, ұйықтар алдында біраз серуендеп келіп, ваннаға түсу немесе бал қосылған сүт ішу жөніндегі ұсыныстары ойда болғаны жөн сияқты.

Бауырдың бір ерекшелігі, адам жатқанда қан қайтады. Ал, отырып, тұрғанда қан басқа мүшелерге жіберіліп тұрады. Сағат 23-те өт пен қан жолы ашылады. Бұл кезде ұйықтамаған адамның өт қуатына сүйенетін іштегі 11мүшесінің қызметі, өт қуатының зақымданып, әлсіреуіне байланысты әлсіреп, зат алмасуы бұзылып, иммунитет кемиді екен. Бұл кездегі, яғни түн ортасындағы (23 пен 1 арасы) 5 минуттық ұйқы 6 сағаттық ұйқының демалысын сыйлайтын көрінеді.

Сағат түнгі 1-де дене шегіне жете босап, қан қысымы түсетіндіктен, ауру-сырқауға өте сезімтал келетін уақыт екен.

Сағат 1,30 бен 2,30-дың арасы «соқыр мезгіл». Көз көру дәрежесі төмендейді. Соны ескеріп, бұл мезгіл аралығында кітап оқуды доғарып, көлік жүргізбеу керектігі естен шықпау керек.

Сағат 2-де адам температурасы төмендеп, бауыр улы заттарды қуып, тазарта бастайды екен. Түн ауған кезде (түнгі 1 мен 3 арасы) ұйықтамасаңыз, бауыр улы заттарды аластай алмайтындықтан, қан жақсы тазармай қалады.

Сағат 3-те денедегі бұлшық еттер босаған қалпын ұстап тұрып, тамыр соғу сиреп, тыныс алу азаяды. Сағат 4-те барлық органдардың қызметі баяулап, қан қысымы төмен болады. Бұл мезгілде ми бөлімінің қанмен қамту мөлшері азайғандықтан, әйелдердің босануы жиі болады екен де, сағат 4-тің кезі – ауыр аурумен ауырып жатқан адамдар ажал құшатын мезгіл деп түсінген.

Түн жарымда ұйықтап жатқанда, дененің, яғни бұлшық еттердің, босаңсуы шегіне жетіп, соған қарай қан қысымы да төмендеп, тамырда өте баяу жылжиды екен. Бұл кез қан ұйып, тамырда тұрып қалу қаупі жоғары болар мезгіл болғандықтан, адам денсаулығы үшін қауіпті шақ саналған. Кездейсоқтықтың алдын алып, тосын оқиғаның орын алмауына ықпал етерлік бірден-бір жол – ол мұсылмандардың түн жарымында ұйқысын бұзып оқитын, тілек-дұғаның қабыл болатын, тәһәжжуд намазы екен. Бұл намазды, Пайғамбарымыз Аллаға барынша жақындататын, сүннет намаздардың ең қайырлысы – дегені бар. Ғалым-дәрігерлер осы түнгі намаздың адамды инфаркт алудан сақтайтын бірден-бір себепкері екенін мойындаған. Ұйқыдан тұрып, дәрет алып, намазға тұрып, Құдайға жалбарыну, қан айналымын қалпына келтіріп, тың күш-қуат беріп, тән мен жанға жеңілдік әкеледі екен.

«Әр түнде бір сәт бар, Алладан не сұрасаң, сол тілегің қабыл болар» деген хадис те түн ғажайыбынан хабар бергендей.

Түн – адамның түрлі түс көретін ғажайып мезгілі. Небір тың, ғажайып ойлар мен сиқырлы шабыт келетін тылсым уақыт. Зерделесек, адам миы күндіз жұмыс істеп түнде демалу керек деген иұжырым қалыптасқан. Ал ғалымдар болса керісінше, адамның миы ең жақсы жұмыс істейтін кез, таңертеңгі мезгіл мен түн мезгілі екендігін дәлелдеп отыр.

Қалай болғанда да айтқанымыздай, түн тыныштығы кез келген адамды шабыттандырары анық.

Жаратушы Алла небір ғажайыптарды түнге жасырған. Бұған жылда қарсы алып, атап өтетін мұсылмандардың мүбәрак түндерін дәлелге алуға болады.

Ережеп айының алғашқы жұмасы – «Рағайып түні», 77-түні – Миғраж түні. Шағбан айының он бесінші түні – адамның бір жылдық ризық-несібесі, жылдық тағдыры анықталар түн – «Барат түні».

Рамазан айының 27-ші түні – Пайғамбарымызға Құран түскен – Қадір түні. Міне, тәуліктегі өтер әрбір сағаттың тылсымды сырларымен таныстық. Ендеше, әркім де өз өміріндегі күнделікті іс-қимыл әрекеттерін, жоғарыда келтірілгендей, сағаттарға сәйкестендіріп отырғаннан ұтпаса, ұтылмайды. Адам ағзасы орнатқан тәртіпке бағынып, ұйқының алаңсыз болып, жұмысының жемісті болуы үшін, әр адам өз денсаулықтарын қорғап, іс өнімділігін арттыруға көңіл аударып отырса ғой, шіркін!

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 170 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: