09:43
Рухани-танымдық сүрлеулер

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ...

Үлкен жануар

Қазіргі кездегі жануарлардың үлкені – көк кит. Оның ұзындығы отыз метрге жетсе, салмағы – 180 тоннадан жоғары. Тілінің өзі кіші пілдің салмағындай. Бүкіл денесінің үштен бір бөлігін бас сүйегі алып тұрады. Ұрпағын тірі туып, сүтпен асырайды. Киттер өкпесімен дем алады. Олардың іш құрылысы, қаңқасы, қан айналым жүйесі мен миы балықтан өзгеше. Киттің сыртқы май қабаты 35-50 см қалыңдыққа дейін болады. Су астында төрт-бес сағатқа дейін жүре алады. Кейбіреулері 600 метр тереңдікке дейін сүңгіп жүзеді. Үлкен киттер құйрықтарын су бетінен шығарып, кейде су бетіне секіріп те жүзе береді.

 

Үлкен балық

Үлкен киттен кейінгі балықтар тобына жататын – китті акула мен алып акула. Олардың ұзындығы 15-18 метрге дейін жетеді. Китті акуланың денесі үлкен бола тұра, басқа акуладай адамды жеп жіберуге қабілетті емес. Себебі, оның тісінің ұзындығы небәрі үш миллиметр ғана. Ал көмекейінің диаметрі 10 сантиметр. Сондықтан да, бұл балық мұхиттың кішкентай шабақтары мен моллюскаларын қорек етеді.

Тұщысулылар ішінде ең үлкені Оңтүстік Америкада мекендейтін арапайма немесе пирарука. Бұл балық төрт метрге дейін жетеді. Салмағы – екі жүз килограммдай. Бекіре балық көп өмірін тұщы суларда өткізетін болғандықтан оны да ең үлкен тұщысулы балыққа жатқызуға болады. Оның ұзындығы сегіз метрге, салмағы 1460 килограммға дейін жетеді.

Ең кіші балық Филиппин аралдарында өмір сүретін пандака пигмея балығы. Оның ұзындығы алты миллиметрден аспайды.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 206 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: