11:20
Рухани-танымдық сүрлеулер

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ...

Сексен төрт аралдар тобы

Ол – Угандадағы Сесе аралдары. Бұл аралдар Виктория көлінің солтүстік-батыс жағалауына жақын, 84 кіші аралдар тобынан тұрады.

Угандадағы бұл аралдарға елдегі азамат соғысының зардабы мен адамдардың әсері тимеген. Ну орманмен көмкерілген аралдар жануарлардың сан түрі, маймылдар, қолтырауындар мен сусиыр, су құстары мекен ететін жайлы үй тәріздес.

Сесе аралдарында «басесе» тайпасы тіршілік етеді. Тайпаның өздеріне тән мәдениеті мен тілі бар. Олардың негізгі тіршілік көзі – балық аулау, кофе өсіріп, оны дайындау және банан өсірумен айналысу. Угандалықтардың сүйіп жейтін тағамы да – банан екен. Оны олар қуырып та, қайнатып та жеп, одан сусын дайындап ішеді.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 185 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: