06:05
Рухани-танымдық сүрлеулер

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ...

Биік тау қайсы? Ол қайда?

Жер бетінің үштен бірін тау жыныстары алып жатыр. Гималай тауында биіктігі 8 шақырымнан асатын 11 шың бар екен. Ал, солардың ішінде жер үстіндегі ең биік тау, 8848 метрлік, Непал мен Қытай шекарасында орналасқан Эверест шыңы. Бұл шың тибет тілінде «Джомолунгма», непалша «Сагармахта», яғни, «аспанды тіреп тұрған маңдай» деген атау алған.

Екінші биіктегі тау Кашмирдегі К2 немесе Кодвин Аустен аталған шың.

Теңіз астынан да басталатын таулар бар.

Теңіз деңгейімен есептесек, Гавай аралдарындағы Мауна Кеа тауының биіктігі 4205 метр екен де, теңіз астында 4877 метрі жасырынып жатқан бөлігін қосқанда, дүниедегі ең биік тау деп атауға боларлық барлық биіктігі 9 мың мертден жоғары екендігіне көз жеткізуге болады.

Солтүстік Америкада биіктігі 6194 метр болатын Маккинли, Европада 5633 метрлік Эльбрус бар.

Африкадағы Килиманджаро тауының биіктігі 5963 метр.

Оңтүстік Америкадағы Аргентина мен Чилиге таяу орналасқан Аконкагуа тауының биктігі 6969 метрді құрайды. Биіктігі жөнінен сонан кейінгі орынды 2226 метр биіктігі бар Австралиядағы Косиуско тауы алады.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 195 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: