15:03
Рухани-танымдық сүрлеулер

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ...

Үлкен сарқырамалар

Сарқырама – биіктен төмен қарай құлап ағып келіп жататын су ағыны. Егер ағып келіп жатқан судың мөлшері шамалы болса, ол – «каскадты» (күрілдеуік құлама сарқырама су), тасқынды мол болса, ол – «катаракты» деп атайды.

Кейбір сарқырамалар жіңішкерген ағынмен жүздеген метр биіктіктен құлап ақса, кейбірі мол сулы біраз көлеммен жалпақ болып сарқырап, ортадағы кедергілер арқылы асып құлап жатады.

Венесуэланың Гвиана иауындағы Анхель сарқырамасы – 980 метр, үзілмей тосқауылсыз 807 метр биіктіктен құлайды.

Азиядағы ең ұзын сарқырама – Үндістандағы жалпы ұзындығы 252 метр болатын, мол тасқынды төрт бірдей кедергілерді басып ағатын Герсоппа сарқырамасы.

Калифорниядағы Йосемит халықтық саябағындағы ең биік Риббон сарқырамасы жіңішке ағынмен 490 метр құздан Мерсед өзеніне құлап құяды.

Көлемі жөнінен Оңтүстік Африкадағы Тугела сарқырамасы екінші орында. Ол 853 метр биіктіктен бес кедергі арқылы ағып құлайды.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 223 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: