13:16
Рухани-танымдық сүрлеулер

АЙЛАРДЫҢ ДА ҚҰПИЯ СЫРЫН БІЛЕЙІК

Жылдың төрт мезгіліне сәйкес келетін айлардың ұзақтығын өзіміздің саусақтарымыз арқылы анықтауды да біліп жүргеннің артықшылығы болмас.

Бас бармақтан басқа төрт саусақтағы буын саны үштен болғандықтан, барлығы он екі. Осы жайды ескере отырып, балаларға сан үйретуде қолданатын балаң үйрек – сұқ саусақ – көктемнің наурыз, көкек, мамыр айларына сәйкес келеді екен. Ал ортан терек – ортан қол – жаздың маусым, шілде, тамыз айларына, шылдыр шүмек – аты жоқ қол – күздің қыркүйек, қазан, қараша айларына, кішкене бөбек атап жүрген – шынашақ – қыстың желтоқсан, қаңтар, ақпан айларына сәйкес келеріне көз жеткізуге болады.

Назар салар болсақ, әр саусағымыздың салыстырмалы ұзындығы, жылдың әр мезгіліндегі күннің ұзақтығын көрсетіп тұрғандығына көз жеткіземіз. Күн мен түннің ұзақтығының теңелетін айлары: наурыз бен қыркүйек. Сәйкесінше, бұл айларға тән сұқ саусақ пен аты жоқ қолдың ұзындығы да орташа. Ал, қолымыздағы ең ұзын саусақ – ортан қолдың бірінші буыны, күннің ұзаруы 22 маусымға сәйкес келетін, сол маусым айын көрсетіп тұр. Сондай-ақ, желтоқсан айында келетін ең қысқа күн – 22 желтоқсан, ең қысқа саусақ, шынашақтың бірінші буынына сәйкес келіп тұр.

Міне, осы баяндап өткен он екі айлық уақыт өлшемі жыл құралса, осындай жүз жыл – бір ғасыр боларын бәріміз де білеміз.

Уақыт есебін жүргізуде 19 бен 28 санының өз орындары бар.

Әрбір 19 жылда ай орағының фазалары қайталанып, айдың сол күніне келіп отыратындықтан, 19 санын «Ай дөңгелегі» атаған.

Тап осындай, әрбір 28жылда апта күндері, айдың сол күнінде қайталанып отыратындықтан, 28 саны «Күн дөңгелегі» аталғанын да біліп жүрейік.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 204 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: