21:59
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАБИҒАТ ТАҢҒАЖАЙЫПТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҰЛТТЫҚ ҰҒЫМДАР

Ең қатал әрі суық ай саналатын қаңтарды – күннің тұқырып, қаңтарыла байланып, ары қарай қысқармайтынын ескеріп, қаңтар атағаны белгілі. Қаңтар қысты қақ бөледі. Бұл айда түс мезгілінде, күн көзі аспанның оңтүстік жағында ең биік деңгейде болып, қаңтарылған аттай, көкжиекке жақындамайды. Қаңтарда күн қысқарып, түн ұзара береді. Бұл айда күн құлақтанып шықса, қорқуға негіз бар, боран соғады, немесе қатты аяз болады. Ал күн құлақтанып батса, күн райы жылы болады деп күткен.

Қаңтардың алғашқы күндерінде күн райы өзгеріп, қар жауып, сырғақ болып, сырғыма жүреді. Бұл халықтың айтуында, «күн найза бойы көтерілді» дейтін кезеңді «Күннің таласуы» кезеңі атаған. Қаңтардың 10-ы мен 25-інің арасы – Үркердің тас төбеге шығатын, қазақтың нағыз Сары аязы атанған мезгіл.

Айдың соңына қарай сары аяз боларын күткен. Қазақта «қаңтар – аязды, ақпан – боранды» және «қаңтар бөгет салса, ақпан оны бұзады» деген түсінік қалыптасқан.

Қаңтарда күн құлақтанып туып, бұлт төмендеп, ай төңкеріліп туса, орман желсіз күннің өзінде сықырласа, тұман биік көтерілсе, аяз боларының нышандары деп ұққан жөн.

Қаңтардың алғашқы күндері аяз болса, жаздың бірінші күндері аптап ыстық, ай тік туса, күндер қолайлы, шалқайып туса, жайсыз, ұйытқыған боран жиі соқса, жаз жауын-шашынды, құрғақ шыңылтыр аяз тұрып, өзен суы тартылса, жаз аптапты, қуаң болар.

Қаңтардың ортасында жұлдыз көп болып жарқырап, әрі жиі көрініп тұрса, суық ұзаққа созылып кетер де, жаңбыр жауса, жыл жауын-шашынды болып, күн ашық, шықырлаған аязды болса, жаз құрғақ, қуаң болмақ деген болжамдар бар.

Айдың соңғы он күнінде оңтүстіктен жел соқса, жаз жасынды болып, қар жауса, жаз сулы, шық түсіп, еріген сүмелек мұз жиі салбырап, әрі ұзын болса, жаз ылғалды болып, күн шығып, жылынса, жыл құстары ерте оралып, көктем ерте шығар.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 233 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: