11:39
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАБИҒАТ ТАҢҒАЖАЙЫПТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҰЛТТЫҚ ҰҒЫМДАР

Есепшілер жылды үшке, төртке, жетіге және тоғызға бөлген:

Үш бунақ. Олар: ыстық, салқын, суықтан тұратын үш кезең.

Бірінші кезең – «қара қатқақ, аш өзек», малдың аузы көкке тиген – 9 ақпан мен 9 маусым арасы.

Екінші кезең – «шөп қуаты басына шығар уақыт» атанған – 9 маусым мен 9 қазан арасы. «Тоқты тоймас, шөміш кеппес», «тебінге түсер шақ» атанған қалған уақыт – үшінші.

Төрт тоқсан. Бірінші тоқсанға көктем айлары кіреді. Оларды – «жас тоқсан» дейді. Жаз айлары – «жаз тоқсан», күз айлары – «терме тоқсан», ал қыс айлары – «қыс тоқсан» деп аталады.

Жеті амал. Олар: Күннің ттқырауы, қарашаның қайтуы, Үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, айдың тоғамы, қыс тоқсанның кіруі. Осыларға жекелеп тоқталар болсақ:

Күннің тоқырауы – жазғы және қысқы тоқырау. Жазғы тоқырау – 21 маусымда күннің ұзаруы тоқтайды. Ал қысқы тоқырау – 22 желтоқсанда күн қықсаруын тоқтатады.

Қарашаның қайтуы – жайылым қуаң тартып, төңірек сұрқай түске енген «қараша түсті» дейтін кезең. Таразы жұлдызы туа Қараша түсіп, Үш арқар жұлдызы көтеріліп, «Теке бұрқақтың» қары жауғанда Қараша қайтады.

Үркердің батуы – Үркердің жерге түсуі. Үркер шоқжұлдызы мамырдың басынан бастап, 10 маусымға дейін көкжиекке көтерілмейді.

Мұздың қатуы – су бетінің қаймақшуы, бұл «қарашаның қары» деп те аталады. Су бетіне кілегей «қазан суығы» ұрғаннан бастап тұра бастайды.

Киіктің матауы – бұл «теке бұрқылдақ» деп те аталады.

Ай тоғамы – Үркер мен айдың қатар көрінуін есепшілер «тоғыс» деп атайды. Тоғыс үш күнге созылады. Бірінші күн – «тоғам», екінші күн – «ауыл үй қонды», үшінші күн – «өріп шықты» деп аталған. Бір жылда Үркер мен Ай 13 рет тоғысады. Бізге 11 тоғыс көрінеді.

Қыс тоқсанға қыс айлары кіреді.

Тоғыз тармақ. Бұл «тоғыз шілде» деп те аталады. Олардың ішіндегі ең белгілісі – ұлы шілде. 25 маусым мен 5 тамыз аралығындағы ең ыстық күндер. Ал кіші шілде – 27 желтоқсан мен 6 ақпан аралығындағы ең суық күндер. Тілімізде «Ұысқы шілдеде қу сақта, жазғы шілдеде су сақта» деген мақал сақталған.

Енді халық ұғымында қалыптасқан басты табиғат құбылыстарына тоқталар болсақ, наурыз айының соңғы 24-28 күндері қатты жел тұрып, күн суытып, кейде қар жауады. Бұл күндер халқымыздың ұғымында – «Қоянның толғатуы» аталған.

Сондай-ақ, наурыздың сол 26-28-і күндерінде жыл құстары ұшып келе бастайды. Бұл күндері де жоғарыда аталғандай, қайтқан құстардың қанаттарының суылдап ұшқан ызғарынан күн суытып, қар аралас жауын жауып, суық жел тұрады. Бұл өзгерісті қариялар «Жарықтық, құс қанаты ғой бұл» деп жатады. Осы кезден соң қар еріп, жер лайсаң болады. Бұл аласапыран басталатын шақты «Құс қанаты» деп амалға жатқызған. Бұл күндері қырқалар қарайып, қар кеткенмен, айналада қар сіресіп жатады.  

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 249 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: