14:50
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТӨРЕСІ – ЖЫЛҚЫНЫҢ ҚЫЛЫҒЫНАН КҮН РАЙЫНЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІН БОЛЖАУ:

  1. Әдетте жылқы малы – өте сергек мал. Олардың қылығы арқылы алдағы кү райын болжауға болады.
  2. Ұлыс күні – Наурыздың 22-нің түнінде жылқы жиі оқыранып жұтынар болса, көктемнің ерте шығарының белгісі;
  3. Жылқы біткен топтасып, ары-бері жүйіткіп, кісінеп ойнақтаса – ызғар соғып, күн суытып, қарлы борасын болмақ;
  4. Жайылуға зауқы болмай, жүндері үрпиіп, аса сылбырлық танытса, көп ұзамай-ақ күн суытып, күннің райы бұзыла бастамақ;
  5. Әлсін-әлсін ат пысқыратын болса, жазда – күшейген жауынды жел, ал қыста – үдеген қармен қарлы борасынды күтуге болады;
  6. Жылқылар ықтап жайылса, ызғарлы суық жел, жауын-шашын, қарлы боран болуын білдірмек;
  7. Көктем мен қыста жылқылар жайылымды өзгертпестен бірбеткей жайыла берсе, алда жайлы, жылы күндер болмақ;
  8. Желге қарсы жайылғанын көрсең, жайсыз күндерді күте бер;
  9. Айғыр мойынын жерге салып, үйірін жинай бастаса, күн райы да кешікпей бұзылады деген сөз;
  10. Бие суала бастаса, кешікпей жауын жауар,
  11. Соғым малының бауыр жүні ұзын болса, қыста қар мол түспек;
  12. Жазда ыққа қарап жусаса, қыстың қатты болары күтілген;
  13. Оқыранып жусаса, ішін тартса, боран соғар;
  14. Қыста оқыранып, ернін жыбырлатса, күн жылынады.

 

МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРАНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІНЕН КҮН РАЙЫНЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІН БОЛЖАУ:

  1. Таңертең бейғам күйсеп, желге қырыс қарап жатқан сиырды көрсең, күн райы желсіз, жауынсыз, жылы боларын күт;
  2. Мүйізді ірі қара мал өрістен мезгілінен ерте қайтқан болса, күн райының бұзылатынын алдын-ала білгендігі;
  3. Өріске шығар алдында сиыр танауын тартып, мойнын жиі-жиі бұлғақтатып, мазасызданып мөңіреп, жан-жағына қарап, басын шайқап тынышсызданса, көп кешікпей-ақ қар жауып, дауыл не боран соғып, күн суып, өзгеріс болар дей бер;
  4. Жаз айларында сауын сиырлар бұзауларына қарап мөңірей берсе, жауын боларының нышаны;
  5. Суатқа айдағанда қара малдар пысқырынып тебінетін болса, жаңбыр жауарын білу керек;
  6. Жаңбыр жауып тұрғанда бұқа мөңіреп, өкірген болса, көп өтпей-ақ аспан ашылардың белісі болмақ;
  7. Сиырлардың жүндері үрпиген болса, күн райы бұзылмақ;
  8. Мал тобы желге қарап жайылуға бет алса, күннің суытатындығының белгісі деп білген жөн.
 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 278 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: