22:17
Оңашадағы ойлар

Саясатта «шараханье» деген ұғым бар. Түбімізге осы жетеді. Біреуді мақтасақ, аспанға ұшырып жібереміз. Сынасақ, құздан құлатып тынамыз. Сынағанда ешкімді де жәбірлемейтіндей немесе мақтағанда адамды ұятқа қалдырмайтындай ортадағы ойды бедерлеу қолымыздан келмей-ақ қойды. Қысқасы, бүгінгі күні объективті сөз саптауды игердік деп көпшілігіміз айта аламыз ба?

Мақтау ісінде де, қаралау ісінде де ардың ісіне жүгінуді жадымыздан шығармауымыз керек дәл қазір. Абай атам бекер шаршамаған: «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос». Контекстегі дос ұғымы ардың ісіне құлауға шақырып тұрғаны айқын. Осыған жүгінгенде ғана қазақтың басы бірігеді. Жалқаулығымыздан балалап жатқан жағымпаздық пен көреалмаушылықтан құтылғанда ғана қазақ бір-біріне дос бола алады, бірлікке бір табан жақындай түседі.

* * *

Алтыншы сыныптан бастап үш ай каникулда хат тасушы болып жұмыс істедім. Бір жазда 240 сом табатынмын. Күзде оқуға баратын кезде бір жылғы киімімді сатып лаып, шырттай болып шыға келетінмін. Аралда Космонавтар көшесінде Куликова деген әйел тұрды. Қызы Ленинградта оқитын. Бір күні қызынан хат келіпті. Әлгі әйел үйіне кіргізіп, бір стакан шай мен пирожки берді.

Сонда пирожки деген жарықтықты бірінші рет жегенмін. Аралдың балалары үшін өте таңсыз ас. Екінші хат келгенде тағы да әлгіндей пирожкиге тойғызды. «Дәніккен қарсақ құйрығымен ін қазады» деген. Енді Куликованың қызынан күнде хат келсе екен деп тұратынды шығардым. Қайран, балалық-ай!

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 283 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: