11:00
Оңашадағы ойлар

Қалай туып, қалай өлетінің маңызды емес, қалай өмір сүргенің маңызды. Келесі шынайы өмірің осыған байланысты болғандықтан.

* * *

Әлбетте, Қазақстанды күй мемлекеті деп атауға болады. Әнді кез-келген халық айтады. Ал, күй тек қазақта ғана бар. Біздің брендіміз осы болу керек. Мұны сиқыршының өзі патенттеймін десе де патенттей алмайды. Бұл – қазы да емес, құрт та емес. Батыстың симфониясына бергісіз дала музыкасының қадіріне жетпей жүрген өзіміз.

Әйтпесе, қазіргі қазақтың кей әншілері айтып жүрген әнсымақтардан күй әлдеқайда биік тұрғаны даусыз. Бәрі пиарға байланысты. Қазақта күйді насихаттаған адамдар саусақпен санарлық. Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев, Ақселеу Сейдімбек, Қаршыға ахмедияров және тағы бір-екі адам. Өте өкінішті. Қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқов вальсті де күй секілді құйқылжытып шығарған. Оған мысал – екі қайырмасы бар әндері. Бұл тек күй мемлекетінде туған адамның қолынан келеді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 267 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: