23:21
Ұлы Жеңіс ұлағаты

АҚҚУЛЫ ӨҢІРІНЕН АТТАНҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ

Ұлы Жеңістің жетпіс бес жылдық мерейі асқарланған биылғы жыл – тарих үшін айырықша сәт, ерекше мезет. Жеңіс күні жыл сайын мерекеленіп жүрсе де, осынау Жеңіске сүбелі үлес қосқан тау тұлғалардың баһадүр һәм бірегей ерліктері хақында танымдық әңгіме айту жалғаса бермек, жалғаса бермек. Демек, Аққулы өңірінен аттанған жауынгерлердің ерліктері жайында сөз үзілмек емес.

Алеменов Махмет Бозжігітұлы Лебяжі ауданы Тақыр ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, соғысқа аттанып, 1-Украина майданына алынды. Соғыста жүріп, Воронеж қаласын қорғауға қатысты. Артиллериялық бригадада нысанашы болды. Ауыр жараланып, 1944 жылдың қыркүйегінде елге оралды. Бейбіт өмір кезінде Тереңкөл ауылдық кеңесінде төраға, бастауыш партия ұйымының хатшысы, Баймолдин кеңшарының №2-бөлімшесіндегі қой өсіру бригадирі қызметтерін абыроймен атқарды. «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері» және басқа да медальдармен марапатталды.

Айғожин Бейсенбай Лебяжі ауданы Жабағылы ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1933-1941 ж.ж. Баянауыл ауданында Ұлттық Ішкі істер комитетінде жұмыс істеді. 1941 жылы әскерге шақырылып, сол жақтан соғысқа аттанды. 1943 жылы қатты жарақат алғаннан соң, елге оралды. 1944-1951 ж.ж. Майқайың ауылында, кейін Екібастұз қаласында жұмыс атқарды. 1953-1964 ж.ж. Бесқарағай ауданының тұтынушылар одағында қызмет істеді. 1964 жылы Жабағылы ауылына қайтып оралып, өмірінің соңына дейін осында тұрды. «Сталинградты фашистерден азат еткені үшін» медалімен марапатталды.

Атимов Зада Лебяжі ауданы Жабағылы ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1938 жылы Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, сол жақтан Ұлы Отан соғысының майданына аттанды. Соғыстың бастапқы кезінде №144 атты-артиллерия полкінде болды. 1942 жылы ақпан айында тұтқынға түсіп, көптеген қиянат көріп, 1946 жылы ғана елге оралды. Соғыстан соң мал шаруашлығында, тың игеру жұмыстарында еңбек етті. Ұлы Жеңістің бірнеше мерейгерлік медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 278 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: