13:31
Лирика - 23
Жүректен – жүрекке (таңдамалы)
Қашанда
Шын сүю, адалдық, нық сенім нысанда,
Гүл-гүлдер аспанға ұмтылар қашанда.
Қаңтарда ерекше гүлдейтін раушаным,
Сәт сайын, дем сайын жақындай түс, жақында.
 
Бұрқасын-боранда қар билер аспанда,
Билей-билей төмендей жайғасар қашанда.
Баянды батыстан жарқырар жұлдызым,
Бар үміт, бар тілек болуым қасыңда.
 
Өмір, шіркін, қызықты төрткүл жаһанда,
Өрнектей өрілер таңдандыра қашанда.
Көркімен келісті, құлпырған райханым,
Әрдайым елестер жанарың, қасың да.
 
Махаббат маңғаздар тірлікті жалғанда,
Мәртебесі аспандар тым ерлей қашанда.
Үркердей жарқ етіп жол сілтер жалғызым,
Болашақ тағдырым жүрегіңнің қуысында.
 
Көргеннен өзіңді қатты сүйем, расында,
Күттім мен, күтіп жүрмін, күтемін қашанда.
Оюлы-өрнекті өмірлік нышаным,
Әр демің, әр сөзің жүрегімнің тұсында.
 
Дара өзің
Керек емес алтын да,
Қажет емес күміс те.
Әсілі әм айдан анық,
Дара өзің керек те.
 
Керек емес гауһар да,
Тым қажетсіз маржан да.
Біле білсең, асылым,
Дара өзің жанымда.
 
Керек емес жақұт та,
Қажетсіз-ау лағыл да.
Тайға таңба басқандай, Д
ара өзің жақында.
 
Керек емес ақық та,
Қажетсіз де асыл да.
Тым сезімтал ажарлым,
Дара өзің қосыл да.
 
Керегі жоқ үлденің,
Қажеті не бүлденің.
Өзегі ғой өмірдің –
Ынтықтығың өзіңнің.
 
Жүрегім жүрегіңді қалар, сүйер
Шымшиды бет-әлпетті аяз, шіркін,
Күйдіріп үйден шыққан жылы шырқын.
Оралып иірімдей қайта-қайта,
Қар тұсайды аштырмай адым-қарқын.
 
Жүргендердің қозғалысы тым азайған,
Кездескеннің боз келбетін аяз қарған.
Ағарандап айырылмастай жабысып,
Жағаларда, сақал-мұртта қырау тұрған.
 
Көрінеді арагідік бала-шаға,
Асығуда топ-топтасып шеткі жарға.
Бар ойы – қызық сәтті сезіну,
Сырғанау, жайғасып асау шанаға.
 
Сәл естілер ит-қаншықтың үргені,
Байқалар ат-көліктің жүргені.
Тың тындасаң, құлаққа келер тұс-тұстан,
Жүргендердің жарасымды күлгені.
 
Кешке қарай аяз күші күшейер,
Суық жақтан «кәрі құдаң» тағы келер.
Табиғаттың осы күйі – бек заңдылық,
Жүрегім жүрегіңді қалар, сүйер.
 
Сен хақында ойлаймын әманда
Таңсәріде,
ұйқыдан көз ашқанда,
Түн пердесін еңселі Күн ашқанда,
түске дейін,
аяз беті қайтқанда,
сәл кейіндеу,
түскі астан татқанда,
түзге қарай үйден шығып жатқанда –
Сен хақында ойлаймын әманда.
 
Кешке таман,
ұясына Күн батқанда,
Арқаның аязынан сіресіп айнала қатқанда,
жылы үйлерге баршасы бара жатқанда,
ымырт шақта,
тым кеш уақытта,
Түн пердесін қайыра жапқанда –
Сен хақында ойлаймын әманда.
 
Аязды түнде...
Аязды түнде мен отырмын мектепте,
Ет үйренген үйреншікті кезекшілікте.
Осы сәтте ойымдасың, жан сұлуым,
Қайырлы түн! Жайғас жақсы наз төсекте.
 
Мен отырмын, тықыр-тықыл айналамда,
Көлік гүрілі естіледі анда-санда.
Түр-тұлғаңды елестетіп сағына,
Аңсай сені екі көзім сары шамда.
 
Қабырғада сағат жүруде секунд санай,
Түнгі аспанда шалқасынан жайғасты Ай.
Жүріс-тұрысың, отырысың – сондай нәзік,
Таңдандырар, сүйсіндірер асылым-ай!
 
Жиілеуде жылу қазанның зор гуілі,
Сырт қуыста қар басқан көмір үюлі.
Тәтті ұйқы, әдемі түс құшағында,
Жайлы жат, хош аңқыған қыр гүлі.
 
Таусылуда кезекшілік мерзімім,
Ауыстыруға мені келеді әлдекім.
Үйге барып, мен де кетем ұйқыға,
Түсімде сенімен болуға, әсемім.
Шаhмантегі-Ибраhим Бегімхан Керімханұлы www.shakhibbeker.ucoz.kz
Просмотров: 943 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: