16:50
#кітапқұмароқырман

«Бірге уақыт өткізген адамдардың миы бір-біріне ұқсас боп келеді», – деген профессор Моран Церф. Екі апта бірдей фильм көрген, бірдей кітап оқыған және бір-бірімен ғана әңгімелескен екі адамның сөздері, сезімдері, көзқарастары бірдей дамитынына көз жеткізген.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде профессор Моран Церф: «Өміріңде қабылданатын ең дұрыс шешім – кіммен уақыт өткізетініңді саналы түрде таңдау»,-деп қорытындылайды.

Кітап жайлы қызықты деректер:

• Әйелдер еркектерге қарағанда кітапты көп (68%) сатып алады.

• Дүниежүзі бойынша сатылатын кітаптардың жартысынан көбін 45 жастан асқан адамдар сатып алады.

• Оқырмандардың дені кітаптың 18-бетіне келген кезде тоқтап қалады.

Лайфхак:

~ Кітапты оқымас бұрын, авторы жайлы аз болса да мағлұмат білген жөн. Кітаптың қысқаша мазмұнымен танысып шығу да артық етпейді. Алдын ала бұл кітаптан не күтетініңізді жазып қойыңыз.

~ Мәселен, белгілі бір салаға қатысты (журналистика, психология) кітап оқыдыңыз делік. Бұл кітапты оқу арқылы қандай сұраққа жауап алғыңыз келеді? Ұмытпай тұрғанда сұрағыңызды дәптерге түртіп қойыңыз.

Осындай мақсаттағы әрекеттер кітап мазмұнын көпке дейін есте сақтауға көмектеседі.

Миды дамыту:

~ Осы күнге дейін істеп көрмеген жұмыстармен шұғылдану – мидың дамуына әсер ететін ең жақсы тәсіл.

~ Өзіңізден инттелект бойынша асып түсетін адаммен әңгімелесу де мидың өсуіне көп ықпалын тигізеді.

Цундоку – кітап сатып алып, оны оқымай сөреге жинай беретін жандарға арналған термин (Жапон сөзі).

Адамдар екіге бөлінеді: кітап оқитындар және кітап оқитындарды тыңдайтындар. Вербер Бернард

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 123 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: