21:44
Ең қысқа әңгіме

* * *

Ол мамасына бірінші рет "Сізді жақсы көремін" деді, бірақ қабірінде тұрып...

 

* * *

Кім ақымақ?!

Біз ол қызды "ақымақ" дедік. Бірақ оның ішінде қандай аласапыран болғанын сезбедік.

Ол кетті мәңгіге, біз жылап қала бердік "ақымақпыз" деп.

 

* * *

Сөзге еру

- Мен сені еш жерден таппадым, ал сен мында отырсың?!

 - Иә, мен осындамын ешқайда кетпедім.

- Олар маған...

- Сен өзгермепсің!

- Түсінбедім.

- Сен әлі олардың сөзіне сенесің....

 

* * *

Ержүрек (өзінше)

- Мен осы үйдің ер азаматымын! Мен еркекпін! Менің айтқаным заң!!

- Мына лампочканы ауыстыратын.

- Соны да маған айтасың ба енді, бойың жетеді ғой.

ТВ. ПУЛЬТ. ДИВАН. СМАРТФОН.

 

* * *

Жирену

Тыржиған қабақ, тарсылдаған ыдыстар, жылаған бала, шашылған үй.

Сыртқы есіктің тұтқасын еркек тарта беріп: "Жоқ, жоқ! Жоғыңмен бірге жоғалшы", - деді де ішінен, есікті басып жауып кері кетті. Қайда барарын өзі білмеді.

 

* * *

Сенімсіз сезім

- Мен сені келеді деп ойламадым! Біз ғашықтар едік...

- Жоқ, сен емес, мен ғашық едім.

- Рас айтамын мен сені сүйдім.

і- Онда неге білдірмедің?! Қазыр бақыттымысың?!

- Жоқ, бақытсыз да емеспін. Ол балаларымның анасы ғой сыйлаймын, бірақ сүйе алмадым.

"Сен сондай оңбаған адамсың, ең болмаса ата-анаңды сыйласаңшы. Үйге қайт!" - қыз смс-ты оқып тұрып есін жиғандай болып.

- Мен сенің әйеліңнің орнында болсам, балаларыңды мүлде көрсетпей, сенің қиналғаныңды қызықтар едім. Есіңді жи! Қайт үйіңе!! Жолама маған!

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 67 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: