21:15
Ең қысқа әңгіме

* * *

Сыр бермейтін сыртқы жүзі күлімдеп тұрғанымен, жанарында жасырылған жас жатыр еді… Әкесіз өскен тағдыр, күйеудің көлеңке мінезінен шаршаған. “Соңғы рет “ деген уәденің шегі болған емес. Өгей әкемен өмір сүретін анаға апарар жол алыс әрі ұят. Жетегі мен етегіне жабысқандары өзімен еріп келеді. Қағар есі жоқ, қараңғыға еніп кеткендердің жары Құдай!

 

* * *

- Жаным, мені теңізге алып баруға уәде берген едің ғой. Мынау шөлге неге келдік?

- Бұл - Арал теңізі!

 

* * *

Анадай бір дәлізде өзіне ұқсайтын адам мен атасы құшақтасып тұр екен. Сағынғаны соншалық – жібергісі келмеді. Алайда ата өз жолымен кете берді.

Ол бұның жай ғана түс екеніне қатты күрсінді. Бір жағынан қуанды

 

* * *

Ол қызды ұнататын. Қыз да қарсы емес тәрізді. Сөйлесті... Ұнатады екен. Саябаққа барды. Орындықта бір-біріне тесіле қарап ұзақ отырды.

Қыз алып көздің өзіне төніп тұрғанын аңғарды. Ол "Жүрегі қатты соққан қыз, оның құшағына құлай кетті..." деп сөйлемнің нүктесін қойды да, қаламын тастай салды. Жазылып жатқан кітаптағы кейіпкердің аты - Қарагөз еді...

 

* * *

Нобель сыйлығы оған бұйырды. Қошемет, құрметтің түр-түрін естіп жатыр. Қуанышы қойнына сыймай, жүзі бал-бұл жайнайды. Төр жақта бәріне қасқая қарап әкесі отыр. «Мен сені мақтан тұтам, балам!» Фотоаппараттың жарқылы, қолшапалақтың дауысы жер жаңғыртады.

Кенет есіктен жындыхана күзетшісі кіріп келді...

 

* * *

Қанат сабақтан үйіне қатты асығып келеді. Бүгін оның туған күні. "Не сыйлады екен?" деген ой маза бермейді. Жетті-ау ақыры. Үстелде әдемі қорапша жатыр.

Ішін ашып қарады. Уақыт екен. Тек... Жарамдылық мерзімі өтіп кетіпті...

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 71 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: