06:33
Ең қысқа әңгіме

#175

Балалық шақта өскен кезде өмірімді түбегейлі өзгертем деуші едім! Ал қазір бала жүректі аңсаудамын!

 

#176

Тоғыз жасар бала. Өзі Дионис құдайы секілді спектакль тамашалауда. Ол енді бала емес.

 

#177

Ол тек темекіні ғана емес, оның зардабын да шекті...

 

#178

- Мен жазда шетелге барғым келеді, танымал адамдар бар... Ал сен қайда барғың келеді?

- Жәннәтқа...

- Неге?

- Онда әке-шешем бар...

 

#179

Кеше дәрігерге сыйлығын бермесе, дүние есігін ашар-ашпасы белгісіз еді. Сосын тәуір балабақша, мықты гимназия, жоғары оқу орыны, табысты жұмыс орнына тұру үшін тағы да сыйлық. Өмірдің өзі сый  дегенді біз жақсы түсініп алғанбыз...

 

#180

9-қабаттан жерге қарай үш сәби қалқып келеді.

Гүмп..гүмп..гүмп.. Сәлден соң үш періште жеті қат көкке көтеріліп кетті.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 99 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: