20:42
Ең қысқа әңгіме

#169

Мен атамның сөздеріне мән бермейтінмін. Кейін ол дүниеден өтті. Мен сағындым, жыладым. Жазған дәптерін тауып, басынан өткен оқиғаларды оқуды шештім, Сонда атам жақын туыстары өзінің өмірден өткен әйелі, яғни әжем, сол кісілерді сағынғанын жазыпты. Және дәптердің ішінде «Тірі кезде жыламасаң, өлгеннен соң құм құйылсын көзіңе» епті. Мен жай ғана көз жасымды сүрттім. Қызық, сонда мен қаншама астары терең әңгімелерге құлақ түрмедім.

 

#170

Гүлім мен Қайрат күнде перзентхана алдындағы қуанышты жүздерді көруге баратын.

Бүгін бесінші рет бала асырауға өтінім беруге барады.

Некеде болғандарына 18 жыл.

 

#171

Ең жақын дос

Темек тартуды, iшiмдiк iшудi, түнгi клуб, сұмдық дүниенің бәрін үйретті...

Қоқыс тазалауды енді үйрендім...

 

#172

Әкем үнемі оқуға кетерде "Тыныш жүр"дейтін. Қазір қарасам, бір ауыз сөз көп қатерден сақтапты. Әкем не айтуды білген екен.

 

#173

Өзінің идеалы деп санайтын өзімнің идеалымды жолықтырдым. Бірақ ол үйленген екен. Біз сонда да үйлендік.

 

#174

"Затым қайда?" – деді, жаныма қалам мен дәптер қойып кеткен бейтаныс адам.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 84 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: