19:10
Ең қысқа әңгіме

#163

- 4 миллионер досты қайдан тапсам болады, 5-сі болғым келіп еді, - деді жанындағы жолдастарына қарап...

 

#164

Соғыстың біткеніне қанша year өтсе де адами, рухани wars бітер емес. Human жанының соғысы. Өз-өзімен war. Мың жерден this day қанша қиыншылықпен келгенін біле тұра, ішкі өзінің spiritual күшіне шамасы жетпей, By itself жеңілетіндер қаншама.

 

#165

Ол қонақ үйге түнгі көбелек шақырып еді, бөлмеге алғашқы махаббаты кіріп келді.

 

#166

Күле білу - қуаныштың белгісі, ал күлдіре білу - бақыттың.

 

#167

Жемқорлықты жеңуге арнаған заң жобасын таныстырып жатқан шенеулік сөйлеуге берілген бес минуттан асып кетпеуі үшін 20 мың доллар тұратын сағатына арасында қарайлап тұрды.

 

#168

- Түнімен ұйықтамадым. Көзім таң ата ілінді.

- Таңға дейін не істедің?

- Ол балконға шығып ән салды. Мен терезенің түбінде соны тыңдаумен болдым.

- Ақымақсың ба?

- Ғашықпын.

- Оны айтпаймын.

- Енді не?

- Ол мылқау ғой.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 87 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: