12:06
Ең қысқа әңгіме

#151

Осы бір жұтымнан кейін басқа ештеңе керек еместей еді.

Аңыраған шөл ортасында тікұшақ қанатын естігенде не күттім?

Уа, Құдайым, соғыс ақырғы құрбанын да аямады.

Мен өлуден қорықпадым, өйткені ажал менің барлық жақынымды алып кеткенін білгенім әлдеқайда ауыр тиді.

 

#152

Таққа таласқан екеудің әрекеті халықтың террорист атануымен тоқтады.

 

#153

Мен есейем дегенше, есімді жоғалттым.

 

#154

Ғаламтордан шыға қойшы, балақай!

 

#155

Гүл ұстаған қалпы терезе маңында тұрып қалды:

- Иә. Қайраттың орны бөлек қой. Оның жанында өзімді бақытты сезінемін.

Айбол терезе алдына гүлін қойып, шылымын шегіп кете барды.

 

#156

Олар намазды не үшін оқиды?

- Құдаймен саудаласу үшін.

- Сонда саудада адалдық бар деп ойлайсың ба?

- Әрине бар! А, жоқ, жоқ адалдық, жоқ!

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 91 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: