21:26
Ең қысқа әңгіме

#145

Таңсәрі. Соңғы ақтық демі қалғанша өлім мен өмір арасында күресіп, жанталасып жатқан қауқарсыз ана ақырғы сапарға аттанды. Кішкентай балапандардың аяулы анасы бұл жалғанмен мәңгіге қош айтысты. Сынақ әлемінен, уақытша мекеннен өз мекеніне жол тартты...

 

#146

Шам намазын оқып, кешкісін жұбайының туылған күнінде стакан көтеріп, тілек айтып отырған күйеуі:

-Ал, бақытты болайық.

"Тырс.."

 

#147

Бақыт қайда?

Бақыт көңілге қол созарда тым биік, жақындауға тым қашықтап шыңдағы шынардай бізден жырақтай береді. Біз бақытты өткен күннің еншісінен, бұлыңғыр болашақтан іздеп жүргенде бүгініміз шүкірсіз қалмасына кім кепіл? Меніңше, бақыт – бағалағанның басында, қадірін білгеннің қасында!

 

#148

-Сен маған жете аласың ба? - деді сұлу қыз артына қарап.

 -Жоқ, бұл өмірде жете алмаспын. Бірақ жырларымды арнап келемін. Мен жетпесем де, бір шумақ өлеңім саған жетсін,- деді жігіт сұлу қызға қарап.

 

#149

Анасы мен қызы

Анам жасаураған көзімен ұзақ қарады да, есікті тарс жауып кете барды. Мен оны тоқтатуға тырыстым, бірақ... анама айтқан сөздерім санамда қайталана берді... Өзіме қатты ашуланып, кереуетке құлай кеттім.

Неге өз қалағанымдай өмір сүре алмаймын?.. Неге перзентіңнің шешімін қолдамасқа?.. Бәрінен де, неге анама ауыр сөздер айттым екен...

Көзім ілініп кетті...

 

#150

Екі аяғы жоқ, арбаға таңылған досымен шахмат ойнап отыр еді, бір сәт:

 — Жүр, – деді…

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 98 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: