09:20
Ең қысқа әңгіме

#133

Телефонға тесілген әке-шешесіне жүгіріп келген бала:

— Жүріңіздерші, бізбен уақытша мама-папамыз болып ойнаңыздаршы, – деді.

 

#134

"Өз жасыңыздағы адамдармен бірге тұрғанға не жетсін", – деді баласы, әкесінің киімдерін жинап жатып.

 

#135

Қоғамдық көлік. Жүгімен тұрған жүкті әйелдің "Үлкенге құрмет" туралы пост жазып отқан алдындағы баланың телефонына көзі түсті...

 

#136

— Бейне камераны тексереңізші, – деді көңілі құлазыған бір кісі.

— Болмашы зат үшін камераны тексерте береді екен-ау. Сол зат үшін соншама сандалтып. Туһ-бір, – деді дүкеннің сатушысы ашуланып.

— Зат емес үш жасар балам жоғалды.

 

#137

Екі депутаттың Рамазан айындағы сұхбаты:

— Жәке, менің аузым берік, жей алмаймын... Сізге бұйырып тұр–ау..

 — Аа, мен ораза емеспін... Ертеңгі ауызашарың менен, – деді Жәкең айналасына сығалай қарап....

 

#138

Әкем туралы хабарды естігенде, бар балалығым мен жастығым әкеммен бірге мәңгіге кеткендей...

-Әттең, сол сәтке бір оралсам ғой...

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 91 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: