12:45
Ең қысқа әңгіме

#127

Дастархан жаюлы , қонақтар бөлмеде лық толы. Арқа-жарқа ,гүбір-гүбір әңгіме. Менің Мэрри деген бөлем де сол жерде отырды. Бір сөзінде "ЛГБТ парады ... ",- дей беріп еді , қарт Майкл: "Сендер мені ескіше ойлайтын адам дейтін шығарсыңдар. Алайда, ер адам тек әйелмен тұруы керек немесе екі әйелмен,"- деп күрсіне тұрып кетті.

 

#128

- Сен білесің бе адам қай сәтте бақытқа жетеді?-деді ол сөзін астарлап.

Оған қызыққан мен: «Қашан?» - дедім лезде.

- Адамның жаны жараланып барып ләззат пен бақытқа жетеді, оған дейін шын бақытқа ие тек қана біздің қиялымыз, -деді сөзін түгендей.

 

#129

Жек көру

Қыс мезгілі. Таңғы сағат жеті. Көлігімді от алдырып, қызымды балабақшаға апармақ болып асығып жүрмін.

Үш жасар Нұрбигүл:

- Анашым, осы сен мені жек көресің бе?

- Мен сені өте қатты жақсы көремін. Неге олай ойладың?

- Себебі, Сен мені балабақшаға бәрінен бұрын апарып, жұрттың соңынан, балабақша жабыларда аласың...

 

#130

— Иттің баласы, қашан адам болады екенсің?

 

#131

- Алло, Айка, мен жұмыстан кеш шығамын, уайымдама.

- Жақсы.

- Үйде нан бар ма? Не ала келейін?

- Бар, өзің кел ертерек.

- Жарайды.

Телефонды қойып, терең күрсінді де, артынша "бұл кім болды екен" деп Айка күлімдеп терезеге ұзақ қарады.

 

#132

“Қалай адам болуды үйретуші профессор ағайдың іліміне темекінің көк түтінін тыныс жолынан тоса алмағандығы төреші емес пе екен”, – деп швабрасына сүйене ойланған Айгүл профессордың “Жігерлі болуға жеті қадам” атты семинарын өткізетін залды тазалауын жалғастыра берді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 90 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: