18:33
Ең қысқа әңгіме

#115

Соңынан еріп келе жатқан жүкті келіншегінің “Бір бәліш алып берші” деген өтінішіне күйеуі:

- Өзің жұмыс істеп ақша тапқанда аласың! - деді қатқыл үнмен.

Үндемей көніп, ішінен “Құдай күнімді ешкімге қаратпасын” деп тілеген әйелінің дұғасы қабыл болып, қазақ еліне +1 ИНФОБИЗНЕС ВУМЭН келді!

 

#116

- Мама, біз бай емеспіз ғой.

- Оқығаның байлық емес пе?

 

#117

Әкім: -Қалада жаман кісі жоқ.

Қала: -Әкім қалада ма?

Жаман: -Бұл дұрыс болмады-ау

Кісі: -Төрлетіңіз, сіздікі - дұрыс.

Жоқ: -Біраз құндылықтар

 

#118

- Құттықтаймын, тілерім тек бақыт қана!- деген сөзді естіген үш достың біреуі:

- Өкіну деген осы шығар иә, сезіміңді білдірмей тойында тұрғаның, деп екеуінің бір біріне деген сезімін біліп тұра екеуінің өтініші бойынша айтпашы, деген сөзін тыңдағаны үшін өкіну! Мүмкін барлығын бақытсыз еткен сол достықты сақтап қалғаны!

 

#119

Есікте ілулі тұрған тақтайшада "Адамдарға және шыбындарға кіруге болмайды" деп жазылып тұрды. Бірақ шыбын да адам да есіктен өтіп, келесі бөлмеге кіруін тоқтатпады. Шыбындар оқи алмағандықтан болар ол тақтайшаға мән бермесе, ал адамдардың ол бөлмеде не бар екенін білу қызығушылығы тақтайшаға жазуды орындауына кедергі болды.

 

#120

Митинг күні, "әскерлердің көзін жойып, үкіметті басып алу керек"- деп ұрандап жүрген ағамыз, екі күннен кейін, шеруге шыққандардың қолынан қаза тапқан әскери жігіттің жаназасында, "ел тыныштығын күзетіп жүрген әскерге қарсы шыққандарды аямай жазалау керек" - деп ұрандап жүр.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 99 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: