19:15
Ең қысқа әңгіме

#109

Адам бұл өмірде бір ғана сұраққа жауап бере алмайды:

(-Сен кімсің?)

 

#110

Сен басқалар өзіңді алдаса ренжисің , бірақ та сені өзіңді-өзің алдағаныңдай кім жиі алдайды?

 

#111

Ауылда, атамның үйінде той, жиын боларда үстелдің астына кітаптарды қоюшы едік бəрі бірдей болып тұруы үшін, қазір той азайды, біртіндеп сол кітаптарды оқи бергеніміз де дұрыс шығар деймін кейде...

 

#112

Мен оны жақсы көремін…Мүмкін оның да маған көңілі бар шығар,бірақ ол мұңайтады, реңжітеді, кейде қуантады. Екеуміздің ара-қатынасымыз қаншалықты ұзақ болатыны да белгісіз. Соған қарамастан, сүйемін сені шым-шытырық өмірім.

 

#113

- Сәлем, сен "Человек-паук" көрдің бе?

- Жоқ, ондай жанрдағы фильмдер ұнай бермейді.

- Ал, сен "Бір кем дүниені" оқығансың ба?

 - Жоқ. Маған ондай тақырыптар еш қызық емес.

P. S: Олар мектептен бері араласқан жан достар еді. Бір кем дүние.

 

#114

Шошып оянған ол, жанында өзінің мүрдесі жатқанын көрді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 94 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: