15:25
Ең қысқа әңгіме

#097

«Әлі алда керемет күндер күтіп тұр» жүрегі жаралы қызыңа айтқан анасының сөзі.

 

#098

-Ақшаны босқа құрта берме!- деді Самат жүкті әйелінің алма ала келуін өтінгеніне ашуланып. Сатушы оған не керегін сұрады.

-Темекі бере салыңызшы.

 

#099

Үйдегілер "ерте тұр, таңғы ас ішілу керек, өте пайдалы, онсыз болмайды"- деп айта береді ғой. Кейіннен түсініп жатырмыз таңда одан да керемет нәрсе бар екенін.

 

#100

Өмірден шаршаған жасөспірімдер "өлсем екен"- дейді.

Құдды бір өлгесін оларды "бақытты өмір" күтіп тұрғандай...

 

#101

Бостандықта жүргенде кең дүниенің қадір-қасиетін білмепті.

Адам үшін азаттықтан үлкен бақыт болмайды екен. Қарынды қара сумен жұбатсаң да емін-еркін жүргенге не жетсін...

 

#102

– Секір

– Секірсем, қанатым шығып ұшамын ба, анашым?  – Иә, балам, қанатың шығып көкке самғайсың..

Деді де құрсақтағы баласын ұстап терезеден секіріп кетті...

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 120 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: