18:50
Ең қысқа әңгіме

#085

-Тәуелсіздік деген не?

-Еркіндік, бостандық... Шаттық пен бақыт.

-Тәуелсіздіктің артында біз үшін, отаны үшін жан аямай соғысқандар тұр. Бірақ, ең мұңайтатыны бұл емес. Ол біздің солар жайлы білмеуіміз...

 

#086

- Әке, сен 2022 жылы болған үлкен оқиғаға қатыстың ба?

- Ия, балам, мен сол жерде болдым.

- Онда сен – террориссің!

 

#087

Жұмысқа кетті, бірақ кешке оралмады. Келесі күні батыр болып келді, бірақ ешкім қуанып қарсы алмады.

 

#088

Менің үстімде смокинг, ал оның үстінде мен алып берген қою қара көйлек. Екеуміз аяқ талғанша бидің түбін түсіреміз. Содан кейін ішінде вупипай мен алма араласып салынған сарқытымызды қолымызға қыстырып, тойдан шығып кетеміз. Өйткені басқа да екеумізге қатты қызық нәрселерге уақыт жетпей қалуы мүмкін ғой. "Ал ол қызық нәрсе не?" деп сұрамаңыз.

 

#089

-Командир бұл не? Қалай сонда?

-Жауынгер! Бұйрық талқыланбайды орында!! Ат! Ат!.

Жиырма күн өтті көзімді жұмсам «біз террорист емеспіз!» деген дауыстар маза бермейді.

 

#090

Көтерілісші, полиция, министр.

Полиция мен министр.

Министр.

Қан, жас, азап!

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 120 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: