19:00
Ең қысқа әңгіме

#079

«Мұғалім ана жайлы шығарма жазуды тапсырды. Жаздым. Сен туралы емес, ол туралы. Уайымдама, "күнде ұрысады" деген жоқпын.

Бәрі өз шығармасын оқып берді. Кезек менде. Оқыдым.

Мен бірінші рет өтірік айттым, анашым. Айтушы едің ғой, өтірік айту - күнә екенін? Енді бұл күнәм үшін Құдай мені жазалай ма?»

 

#080

- Бұл өмірде тозақ бар ма?

- Бар

- Ол қандай тозақ?

- Ар азабы....

 

#081

Әкім мен ақын

 — Ақын бала, тірлігің неткен рақат, бір-екі ауыз өлең айтып, тұлпар мініп келесің. Елден алып жатырсың, алып жатырсың...

— Иә, аға, екеуміз де халықтан аламыз. Мен жырлап аламын, сіз ұрлап аласыз.

 

#082

Көлік іші.

Әке: Мына қала сондай лас. Экологтар мен тазалыққа жауаптылар не қарап отыр екен?!

Жігіт: Әке, көк түсті темекімді көрмедің бе?

Әке: Онда бар ма еді, мен біткен екен деп далаға атып жіберіп ем.

 

#083

Баласын күте-күте шаршаған кейуана: "Еңбектеп кетіп қалмасын деп аяғын, кереуеттің аяғына байлап кетіп едім" деп өзін жұбатқан болды...

 

#084

- Ата-а-ау, қалдырайықшы оны, өзі неткен сүйкімді еді!

- Эхх, қалауың болсын, бірақ тістеп алса өз обалың өзіңе!

- Алақай! Бүгіннен бастап атың Көксерек болады! ...

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 124 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: